Президент • 31 Қазан, 2024

Мемлекет басшысы Мишель Симмонсты қабылдады

92 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Microsoft компаниясының Орталық Еуропа мен Орталық Азиядағы президенті Мишель Симмонсты қабылдады,  деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы  Мишель Симмонсты қабылдады

Фото: Ақорда

Кездесуде Қазақстан мен Microsoft компаниясының IT-индустрияны дамыту және стартаптар үшін толық экожүйе құру бағытындағы ынтымақтастығының перспективасы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Microsoft компаниясының Қазақстандағы кеңсесі қайта құрылымдалып, Орталық Азия, Әзербайжан, Армения, Грузия, Моңғолия және Пәкістан елдерін қамтитын мультиөңірлік хабқа айналғаны жөнінде мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы елімізде жасанды интеллект саласына қатысты заңнама әзірленіп жатқанын айтты. Басты мақсат –инновацияны дамыту және экономикалық өрлеу үшін ЖИ әлеуетін пайдалану. Келесі жылы Жасанды интеллект ұлттық орталығын ашу жоспарланып отыр. Аталған кешен Қазақстандағы цифрлық трансформацияға қажетті негізгі инфрақұрылымға айналмақ.

Мишель Симмонс Microsoft компаниясы цифрлық даму мақсатында Қазақстан тарапымен нәтижелі ықпалдастықты одан әрі жалғастыруға бейіл екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15