Технология • 31 Қазан, 2024

Қазақстан «+7» кодын Ресеймен бірлесіп пайдалануды жалғастырады

67 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «+7» кодын Қазақстан әлі де Ресеймен бірлесіп пайдалануды жалғастыратынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан «+7» кодын Ресеймен бірлесіп пайдалануды жалғастырады

Фото: Depositphotos

Осыған байланысты Үкімет «Әлемдік нөмірлеудің 7-ші аймағын бірлесіп пайдалану туралы» Қаулыға қол қойды.

«Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ресей Федерациясының байланыс әкімшілігімен келіссөздер жүргізіп, келесі мәселелер бойынша келісімге қол жеткізді:
1) «+7» кодын бірлесіп пайдалану жүзеге асырылады;
2) тараптардың бірінің басқа нөмірлік кодқа көшу мерзімі 6 айдан 2 жылға дейін ұзартылды (ХЭО ұсынымдарына сәйкес);
3) Қазақстан Республикасының нөмірлік қоры 000-099 диапазонында DEF-кодын қосу арқылы кеңейтіледі», делінген министрлік хабарламасында.

Ал жақын арада Қазақстан мен Ресей арасында Келісімге қол қою жоспарланып отыр.