Музыкалық кеште «Дала», «Air», «Би», «Абай», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Қарлығаш», «Дударай» секілді танымал композициялар қамтылды. Сондай-ақ мәдени іс-шараға Арухат Мусаипов, мультиаспапшылар Серік Нұрмолдаев, Анар Қасымова, Абзал Арықбаев, Асқар Солтағазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бейімбет Демеуов, жас вокалист Анна Юденич қатысты.
Концерттің ерекшелігі оның айрықша акустикалық шешімінде болды. Марат Бисенғалиев авторлық жұмысы ретінде квадродыбыстау әсерін көрсетті. Яғни бұл – оркестр мен хордың жекелеген топтарының сахнада ғана емес, залдың арнайы акустикалық аймақтарында орналасуы. Бұлай өнер көрсету голографиялық дыбыс жасап, эмоциялық сипатта тыңдармандарға ерекше әсер етті.