Алматы • 02 Қараша, 2024

Алматыға жақын маңда жер сілкінді

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласынан 258 шақырым жердегі Қытай мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыға жақын маңда жер сілкінді

Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 2 қарашада Астана уақытымен 10.50-де жер сілкінгенін тіркеді.

«Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 258 км жерде орналасқан. Есептік қарқындылығы (баллмен) 2 балды құраған жер сілкінісі Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол және Кеген ауданы Кеген ауылдарында (таулы аймақтар) сезілген», делінген хабарламада.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

Еске сала кетсек, 30 қазан күні Балқаш көлі маңында жер сілкінген.