Фото:kz.oqu.news
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, Жайық өзенінің орташа көпжылдық ағыны 9,46 текше шақырымды құрайтын. Бірақ биыл су көлемі орташа жылдық нормадан асып түскен.
Айта кетейік, өзен ағыны Ресейдегі Ириклин су қоймасынан жіберілген су көлеміне байланысты қалыптасады.
«Жыл басынан бері министрлік өкілдері Ресей, Қытай және Орталық Азия елдерінен келген әріптестерімен трансшекаралық өзендер мәселелері бойынша 28 кездесу өткізді. Су тасқыны кезеңінде су көлемін реттеу бойынша келіссөздер күшейтілген режимде жүргізіледі», деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева.