16 Маусым, 2015

Сот үкімімен тәркіленген мүліктер мемлекет пайдасына өткізілуде

577 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
16-06-2015-prokuror 03Қызылорда қаласының прокуратурасы облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қызметкерлері тәркілеген және тыйым салған мүлікті өткізуге байланысты жүргізілген сауда-саттықтардың заңдылығына тексеру жүргізді. Қызылорда қаласының мүлікті мемлекет пайдасына айналдыру бойынша аумақтық бөлімінің 2015 жылдың І тоқсанындағы статистикалық мәліметтеріне қарағанда, сот тәркілеген мүліктерге қатысты 193 атқару өндірістері тіркелген. Оның ішінде қылмыстық істер бойынша 85 өндіріс екенін айта кетейік. Сондай-ақ, олардың біреуі аумақ бойынша жолданған, үшеуі нақты аяқталған, ал 189-ы тоқсан соңында қалдықта қалған. Мемлекеттік сот орындаушысы аталған департаментке барлығы 9 545 929 теңге көлеміндегі 39 мүлікті алыс-беріс актісі негізінде өткізген. Тексеру барысында, департамент қызметкерлері «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы заңының талаптары бұзылғанын анықтады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы №898 Жарлығының негізінде, Әділет министрлігінен Қаржы министрлігіне республикалық меншікке айналған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру функциялары берілген. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі №833 Қаулысында «жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдыруға тиіс) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану ережесінің 4-тармағында, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот актілерін орындау комитеті және оның аумақтық органдары осы ереже бойынша айқындалатын тәртіппен республикалық меншікке айналдырылған (айналдырылуы тиіс) тәркіленген мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және бұдан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады делінген. Сонымен қатар, сот актілерін орындау департаменті алыс-беріс актілерін жасау жөнінде 2014 жылы 13 қазанда №9268/4-12 қатынас хатын жазумен ғана шектелу нәтижесінде мемлекет пайдасына өндірілуге жататын мүліктер сауда-саттыққа шығарылмай, қолданыстағы заң талаптарының өрескел бұзылуына жол берілгені анықталды. Осыған сәйкес, қалалық прокуратура өткен жылдың қараша айында сот актілерін орындау департаментіне және Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне прокурорлық ықпал ету актісінің енгізілу нәтижесі бойынша департаменттер арасында 2014 жылы 23 желтоқсанда алыс-беріс (өткізу және қабылдап алу) актілері жасалып, мемлекет пайдасына қаратылған мүліктер Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне өткізілді. Алайда, департаментпен бүгінгі күнге дейін мемлекет пайдасына қаратылған мүліктер сауда-саттыққа шығарылмаған. Себебі, Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті сақтау, сату, кәдеге жарату және тасымалдау бойынша қызметтердің мемлекеттік сатып алу конкурстары орталықтандырылып өткізіліп ағымдағы жылдың сәуір айында жеңімпаздарды анықтағанымен, одан әрі қарай атқарылуы тиіс жұмыстар бүгінге дейін жүзеге асырылмауда. Осының салдарынан, сақтауда тұрған мүліктерге қазіргі таңда 942 540 теңге көлемінде шығындар (жойылуға жататын 25 354 литр спиртке негізсіз шығындар шығуда) жұмсалған. Жоғарыдағы деректердің негізінде Қызылорда қалалық прокуратурасы заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізді. Руслан Пірназар, Қызылорда қаласы прокурорының аға көмекшісі.