ӨСКЕМЕН. 16 маусым. Өңір басшысы Даниал Ахметовтің өкімімен Ермак Салимов Семей қаласының әкімі болып тағайындалды. Қала активіне жаңа әкімді облыс әкімі таныстырды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
«Біз шаһардың дамуына өзгеше рең, тың қарқын беруіміз керек. Бұл бағытта ауқымды жоспарларымыз бар. Ермак Бидахметұлының жұмыс тәжірибесі мол, іскер басшы. Сондықтан, қала әкімдігі жаңа басшымен бірге тұрғындарға қолайлы жағдай жасайды деп сенемін», – деді аймақ басшысы актив жиынында.
Ермак Салимов 1957 жылы Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында туған. 1981 жылы Қазақ политехникалық институтын тау-кен инженері-маркшейдер мамандығы бойынша, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы Ертіс полиметалл комбинатының Березовский кенішіндегі шахтада жерасты тау-кен шебері болып бастаған. 1994 жылға дейін Ертіс полиметалл комбинатының Ертіс кеніші партиялық бюросының хатшысы, учаске бастығы, бас инженердің орынбасары болып еңбек етті.
1994-2008 жылдары аздаған үзіліспен Глубокое ауданы әкімінің орынбасары болды. Одан кейін Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы, Риддер қаласының әкімі, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2010 жылдың шілде айынан бері Зырян ауданының әкімі қызметінде болды.
Думан Анаш.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Тұлға • Кеше
Ауа райы • Кеше
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Кеше
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Кеше
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Кеше