Аймақтар • Бүгін, 12:51

Талғарда жер сілкінісіне байланысты мектептерде сабақ өтпейді

36 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін сағат 10:00 минут 30 секундта Алматы мен қала маңындағы аудандарда жер сілкінді. Төтенше жағдайлар министрлігі 2-4 баллдық жер сілкінісінен кейін ғимараттарды тексерді, деп жазады Egemen.kz.

Талғарда жер сілкінісіне байланысты мектептерде сабақ өтпейді

Фото: adyrna.kz

Министрлік мәліметінше, Алматы облысының Талғар қаласы мен Алматыда жер сілкінісінен ғимараттарға зақым келмеген әрі зардап шеккендер жоқ. 

Әлеуметтік нысандар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. 

«Қазселденқорғау» мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізген.

Сондай-ақ, Талғар қалалық білім бөлімі бүгін білім беру ұйымдарында сабақ болмайтынын хабарлады.

«Талғар ауданы бойынша білім бөлімі бүгінгі күні жер сілкінісіне байланысты барлық білім беру ұйымдарында сабақ болмайтындығын және қашықтықтан оқыту жүргізілетінін хабарлайды», делінген хабарламада. 

Ал қала тұрғындарынан «112» желісіне ақпараттық сипаттағы 50-ге жуық қоңырау келіп түскен. 

Алматы облысының ТЖД командалық орталығының базасында жедел желі телефоны: 8 (7277) 22-60-97 жұмыс істеп тұр.

лл