Банк • 08 Қараша, 2024

Италия банкі нарыққа кіруге ниетті

147 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде «Cassa Depositi e Prestiti» мемлекеттік банкінің несие желісі ашылып жатыр. Бұл жайында Сауда және интег­рация министрі Арман Шаққалиев пен Италияның сыртқы істер министрінің орынбасары Эдмондо Чириеллидің екіжақты кездесуі барысында мәлім болды.

Италия банкі нарыққа кіруге ниетті

Фото: lifeinitaly.com

Арман Шаққалиевтің айтуын­ша, Италия Еуропалық Одақ елдері арасында елі­міздің негізгі сауда серік­тестерінің бірі болып санала­ды. 2023 жылы екі ел арасын­дағы жалпы тауар айна­лы­мы 16,1 млрд доллар­ды құ­­ра­ды, бұл өткен жылмен са­лыс­­тырғанда 7,8%-ға көп. Қазақ­­­станнан Италияға экспорт 14,8 млрд долларға жетті, ал импорт 1,2 млрд доллар болды, бұл өсім­нің оң динамикасын көрсетіп отыр.

Сауда-саттықтың өсуі биыл да жалғасын тапты. 2024 жылдың сегіз айында сауда көлемі 33%-ға өсіп, 13,8 млрд долларды құрады, бұл ретте отандық өнімнің экспор­ты 36% -ға артып, 12,9 млрд долларға жетті.

Сауда және интеграция ми­нистрі Арман Шаққа­лиев 29 қа­занда Астана­да эко­номика­лық ынтымақ­тас­тық жөніндегі Қа­зақ­стан-Ита­лия үкіметаралық жұ­­мыс тобы­ның (ҮАК) 9-оты­­ры­сы өткенін атап өтті. Оты­рыс Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаңтар айында Италияға сапарынан кейін­гі тапсырмасы шең­бе­рін­де өтті және сауда-эко­но­мика­лық мәселе­лер­ді тал­­қылауда маңыз­ды рөл атқа­рады.

Өз кезегінде италиялық қо­нақ Эдмондо Чириелли шақырғаны үшін алғысын білдіріп, кездесудің маңыз­дылығын атап өтті.

«Біздің сауда-эко­номика­­лық саладағы қарым-­қа­ты­­н­а­­­сы­мыз нығая түсеті­ніне сенім­­­ді­міз. Қазақ­стан Орталық Азия­да негізгі орын­ға ие және Еуро­паны өңір­мен байланыстырады. Екі­жақты сауда көлемі едәуір өсті және қол жеткі­зіл­ген нәт­ижелерге қанағат­тана­мыз. Қазақ­станда «Cassa Depositi e Pres­titi» мем­ле­кеттік банкінің несие желісін ашуды жоспарлап отырмыз. Екі ел арасындағы қарым-қатынастың дами бере­тініне сенімдіміз. Бұл кез­десулерді өткізу ынтымақ­тастығымыздың алты жылдық кезеңін аяқтаған маңызды кезең болды», деді Италияның сыртқы істер министрінің орынбасары.