Денсаулық • 08 Қараша, 2024

Елімізде елуден асқан ерлердің денсаулығы тексерілмек

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 2025 жылдан бастап ерлерге арналған медициналық скринингтің басталатынын мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде елуден асқан ерлердің денсаулығы тексерілмек

Фото: istockphoto.com

Министрдің айтуынша, көптеген ересектер үшін мүгедектіктің негізгі себептері – жүрек-қан тамырлары аурулары мен онкология.

«Келесі жылы біз 50 жастан асқан ер адамдарда инфаркт пен инсульт қаупі жоғары топтарда жүрек-қан тамырлары қаупін ерте анықтау жобасын бастаймыз. Неғұрлым ерте анықталса, асқынулардың алдын алу және денсаулықты сақтау мүмкіндігі соғұрлым жоғары болмақ», деді министр.

Ведомство басшысының айтуынша профилактикаға назар аудару және тұрақты тексерулер ғана көптеген аурулардың алдын алуға септігін тигізеді.

«Скринингтен өтіңіздер, денсаулықтарыңызды сақтаңыздар. Бұл – сіздердің әл-ауқаттарыңызға және отбасыларыңыздың болашағына қосқан үлестеріңіз. Дәрігерлердің еңбегі мен сіздердің денсаулықтарыңызға назар аударуларыңыздың арқасында біз ортақ мақсатқа – сау және белсенді қоғамға барамыз. Денсаулық – біз бірге күтетін құндылығымыз екенін есте сақтау маңызды», деді Ақмарал Әлназарова.