Қостанай облысы Қарасу ауылында жеке тұрғын үй аумағында гараж бен жеңіл автокөлік жанып кеткен.
Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жетіп, 30 шаршы метр аумақты шарпыған өртті тез арада сөндірді.
«Өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында өрттің көрші құрылыстарына таралуына жол берілмеді», деп хабарлады ведомство.
Зардап шеккендер жоқ.