Заң • 10 Қараша, 2024

Екі айда 308 рет жол ережесін бұзған Ақтөбе тұрғыны ұсталды

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екі айдың ішінде 308 рет жол ережесін бұзып, 11,5 миллион теңге айыппұл арқалаған ақтөбелік жүргізуші қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екі айда 308 рет жол ережесін бұзған Ақтөбе тұрғыны ұсталды

ВАЗ-2114 көлігін басқарған 35 жастағы жергілікті тұрғын қала көшелерінде бірнеше рет жылдамдықты асырған.

Ол көліктің мемлекеттік номері шетелдік болғандықтан жазаланбайтынына сенімді болған, бірақ патрульдік полиция қызметкерлері оны тауып алған.

Айыппұл сомасы шамамен 11,5 миллион теңгені құрайды.

Көлік арнайы тұраққа қойылды.