Елорда • 10 Қараша, 2024

14 миллион қарызы бар астаналық көлігінен айырылды

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада  14 миллион теңгеден астам қарызы бар жүргізушіден «KIA QUORIS» көлігі тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

14 миллион  қарызы бар астаналық көлігінен айырылды

28 қазан мен 8 қараша аралығында Астана қаласында «Борышкер»  жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері өңірлік жеке сот орындаушылар палатасының және мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік жұмыстарды жүргізді.

ЖПШ барысында микроқаржы ұйымына 14 миллион теңгеден астам берешегі бар «KIA QUORIS» көлігінің жүргізушісі тоқтатылды. Атқару өндірісі аясында борышкердің автокөлігі тәркіленді.

Сонымен қатар, Тұран даңғылында жүргізілген рейдтер барысында іздеуде жүрген «VOLKSWAGEN TOUAREG»  автокөлігі тоқтатылды. Көлік жүргізушісі жеке кәсіпкерге 4,5 миллион теңгеден астам ірі көлемде қарыз болған.

Көліктер коммуналдық тұраққа қойылып, жүргізушілерге қарызды төлеу қажеттігі туралы ескертілді.