Елорда • 11 Қараша, 2024

Астанада гендерлік сараптама бойынша тренинг өтеді

49 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған тренинг 2024 жылдың 12-13 қарашасында Астанадағы Radisson қонақ үйінде өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада гендерлік сараптама бойынша тренинг өтеді

Сурет: jambylinfo.kz

Оны Қазақстандағы БҰҰ-Әйелдер құрылымы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және Қазақстандық қоғамдық даму институтымен бірлесіп, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен ұйымдастырып отыр.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік органдар мен басқа да мүдделі ұйымдардың заң қызметтерінің өкілдеріне нормативтік-құқықтық актілерге (НҚА) гендерлік сараптама жүргізу дағдыларын үйрету.

Тренингтің жетекшісі – гендерлік талдау саласының сарапшысы, нормативтік актілерге арналған гендерлік сараптама әдістемелерінің авторы, Хельсинки университетінің профессоры Марианна Георгиевна Муравьева.

Негізгі тақырыптар: халықаралық құқық стандарттары, гендерлік теңдік, гендерлік мейнстриминг және нормативтік құжаттарда қолдануға арналған терминологияны талдау.