Басылым • 12 Қараша, 2024

Жұп-жұмыр жинақ

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Журналист Серікқали Мұқашевтің «Жасынды жылдар» мақалалар жинағы қолға кеше тиді. Мемлекеттік тапсырыспен Алматыдағы «Тоғанай Т» баспасынан жарық көрген кітаптағы материалдар қызық пен шыжыққа толы өмірдің өзіндей ме деп бір күліп, ойланып та қалдық.

Жұп-жұмыр жинақ

Әсіресе сын мен сы­қақ­қа, әзіл мен әжуаға толы «Қы­­­зығы мол сол жылдар» атты бірінші бөлімі оқы­масыңа қоймайтын сынды. «Бета­шар­дың бес сомы» деген тақы­рып­тың өзі менмұндалап тұрған жоқ па?

Екінші, үшінші бөлімдері – «Егемендіктің алғашқы лебі» һәм «Өмірдің өз бейнесі» аталыпты. Бұл жөнінен келгенде, кітап туралы жазған ав­торлардың пікірі назар аудар­тады. «Мына кітапқа жа­зылған мақалалардың бір бөлігі өткен ғасырдың со­нау тоқсаныншы жалдарының басында жазы­лып, қазір тарих төрінде қалған «Өр­кен» апталығында жария­ланғанымен, құндылығы әлі жоғалмағанына таңғаламыз. Сол сияқты, енді ғана «Егемен Қазақстан» атанған газетте көтерген тақырыптары ширек ғасырдан соң да жұрт­шылықты толғандырады екен. Мұны әсіресе, Бай­қоңыр ғарыш айлағына қа­тысты мақалаларынан бай­қадық. Байқоңырға барып, бұл күрделі кешенмен ег­жей-тегжейлі танысып, ішек қы­рындысын ақтаруға қабілеті жеткендер бірен-саран» депті қаламгер Қайнар Олжай.

Мақалалар жинағының төртінші һәм бесінші бөлім­дері «Игі іспен із сал­ғандар» және «Курстастар кел­беті» деп айдарланыпты. Құр­ғақ, қара мақалалар емес, кі­тап­тың көтерген жүгі ма­те­риалдардың тақырыбынан-ақ көрінеді. Оқырман олжасына айналар деген ойдамыз.