Қарағанды облысында бұрын-сонды болып көрмеген су тасқыны әсіресе, селолық округіміз аумағындағы Жұмабек ауылы тұрғындарына ауыр соқты. Жан-жақтан жөңкілген селдің алды осы жерді басып өткен болатын. Облыс, аудан тарапынан шұғыл шаралар қолданудың арқасында болжап болмас қатердің беті қайтарылды. Алайда 17 үй қызыл суға көлкіп, мал-мүлік шығыны орын алды. Қазір жағдай оңалып келеді. Табиғат қысымынан зардап шеккен отбасылар азық-түлікпен, киіммен, төсек-орынмен дер кезінде қамтамасыз етілді. Бұл күнде әрбір үй иесінен бүлінген тұрмыстық заттар тізбесі алынып, орнын толтыру қарастырылып жатыр.
Ауыл тұрғындарының осындай қысылшаң шақта өздеріне көмекке келіп, қамқорлық жасаушыларға разылығы ерекше екенін жеткізе кету дұрыс көрінеді. «Қазагромаркетинг», «ҚазМұнайГаз» АҚ облыстық филиалдары, Абай аудандық кәсіпкерлер палатасы сияқты ұйымдар алғашқылардың бірі болып қол ұшын созды. Оған жергілікті кәсіпкерлер де қосылып, көмек-қолдау көлемін одан сайын өсірді. Мәселен, Ақпаржан Тұмабаев баспанасын су шайып кеткен отбасыға уақытша тұруға өзінің бос тұрған үйін берсе, Фарида Аңсарова, Несіпкүл Лиясова, Рима Шин, тағы басқалары ауылдастарымен қолдарында барымен бөлісуде.
Бұл күнде қиындық беті толығымен қайтты. Аудан әкімі Серік Шайдаровтың ұйымдастыруымен аймақтағы ірі кәсіпорындар демеушілікке тартылып, олар бірнеше үйлерді, қораларды қалпына келтіруді өз мойындарына алды. Бір үйдің жаңадан салынуы басталып та кетті.
Адамдардың бір-біріне бауырмалдығы, қиындықтарды бірлесіп көтеруге ынтасы, көмекке дайындығы, мемлекеттік нақты қамқорлық шуағы қадірін су тасқыны зардабына ұшыраушылардың өз бастарынан сезініп, соған деген шынайы ризалық сайлауға белсенділікпен қатысулары арқылы білінді деуге болады. Селолық округімізде дауыс беру бұрынғыдан да жоғары деңгейде өтті.
Жанат ЖҰМАДІЛ,
Құрма селолық округінің әкімі.
Қарағанды облысы,
Абай ауданы.

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20