Otyrar.kz жазғандай, келіншектің 6 қараша күні толғағы ұстап, қалалық перзентханаға жеткізілген. Тоғыз баланың анасы оныншы сәбиін табиғи жолмен босанған. Перзентхананың медициналық қызметкерлері тарапынан қажет көмек көрсетілді. Ана мен баланың жағдайы жақсы.
Көпбалалы келіншек 19 жасында тұрмысқа шыққан екен. 10 баланы 20 жылда өмірге әкелген. Көпбалалы отбасы қазір Жанель, Анель, Мэлс, Айсана, Нурислам, Айдана, Хан, Жасмин, Зере мен Аяулым есімді ұл-қыздарды тәрбиелеп отыр.
Гүлбану Пірімқұлованың күйеуі Болат 43 жаста. Көпбалалы ата-ананың үлкен балалары қазір студент атанып үлгерген.