«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілерінің жауынгерлік әзірлігін «экспресс-тест» арқылы тексеруде.
Жеке құрамның кәсіби дайындығын, далалық машығын тексеру, дене даярлығы мен жауынгерлік дағдыларын арттыру үшін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында арнайы «экспресс-тест» енгізілді.
Ол атыс және дене даярлығы бойынша тұтас жаттығулар кешенін қамтиды. Атап айтқанда олар: ЖӘЖМ-2, Т-72 және АК-74 қару-жарағынан жеке және взвод құрамында ұзақ қашықтыққа оқ ату, қол гранаталарын лақтыру, АРД кедергілер жолағын еңсеру, взвод құрамында жауынгерлік машинаны басқару, белтемірге тартылу, 24 кило гір тасын жұлқи көтеру, 5 шақырымға жүгіру.
«Экспресс-тест» «Мәтібұлақ» (01098 ә/б) және «Отар» 40-шы әскери базасының (30212 ә/б) оқу-жаттығу полигондарының базасында төрт күн өткізілді. Бұл уақыт ішінде мотоатқыш, танкті, инженерлік-саперлік взводтар, минаатқыш батареялар мен мергендік жұптар құрамына қарасты бөлімдердің 350-ден астам әскери қызметшісі тексерістен өтті. Тестілеу қорытындысы бойынша бірқатар мотоатқыш, танкті, инженерлік-саперлік взводтар мен минаатқыш батареясы белгіленді.
«Егемен-ақпарат».