Ғұмар Қараш қазақ әдебиетіндегі өзінің лайықты орны мен бағасын әлі толық алып үлгермеген ойшыл ақын десек, қателеспейміз. Әсіресе, оның қазақ өлеңін мазмұн мен түр жағынан байытудағы жаңашылдығының орны тіпті бөлек. Оның әдеби мұралары өзінің өміршеңдігімен, қоғамдық құбылыстарға терең әрі жан-жақты философиялық ой тастауымен ерекшеленеді. Сондықтан да философ ақынның шығармаларындағы тағылымды тұстар бүгінгі күні де мәнін жоғалтпағанына еріксіз келісуге тура келеді.
Орал қаласында Алаш қайраткері, ойшыл ақын, ағартушы Ғұмар Қараштың туғанына 140 жыл толуына орай «Ғұмар Қараш – тарихи тұлға» атты ғылыми-практикалық конференцияда сөз алған философия ғылымдарының докторы Тілекжан Рысқалиев ой арнасын осындай түйінді пікірмен сабақтады. «Ғұмар Қараштың, оның классикалық сипаттағы өшпес өлеңдеріне қайта оралу оның құндылығын көтере түседі», – деді ғалым одан әрі.
«Өз басым Ғұмар шығармаларының ішінде «Неден қорқам?» деген өлеңінің орны айрықша деп есептеймін, – деді бұдан кейін сөз алған әдебиетші ғалым Серікқали Шарабасов. – Оның осы туындысының өзегінде тұтастай адами философиялық тұжырымдар мен дара даналық бар. «Неден қорқамның?» әрбір жолдары мен шумақтарында, тіпті, бүгінгі қоғамның өзінде орын алып жүрген кейбір келеңсіздіктердің көріністері кездеседі».
Конференцияда Батыс Қазақстан Гуманитарлық академиясының доценті Бақтылы Боранбаева Ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі жөнінде, профессор Дәметкен Сүлейменова Алаш қозғалысы және Ғұмар Қараш тақырыбында ой толғады.
Сондай-ақ, конференцияда журналист Қазбек Құттымұратұлы Ғұмар Қарашты қазақ журналистикасының негізін салушылардың бірі ретінде қарастырды. Ал «Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры Жантас Сафуллин «Ғұмар Қараш рухының парасаты: өткеннен үлгі – болашаққа өнеге» атты баяндамасында ұлы тұлғаны ұлықтау бағытында өзі басқаратын мекеме қызметкерлері атқарып келе жатқан бірқатар нақты істерге тоқталды. Ол, сондай-ақ, конференцияға қатысушыларға Ғұмар Қараштың Мәскеуде тұратын немересі Надежда Қарашеваның өз атасы, шыққан әулеті жайында әңгімелеген бейнесұхбатын тамашалауға мүмкіндік жасады. Сонымен қатар, шешен қазақ филология ғылымдарының алдында ақынның шығармалары мен публицистикалық бағыттағы туындыларын одан әрі тереңірек зерттеп жарыққа шығару жөнінде іргелі істер тұрғанын айтып берді. Оны тек ақын-филолог ретінде ғана емес, сондай-ақ дәстүрлі ислам жолынан адаспаған дінтанушы ретінде де қарастыру қажеттігін алға тартты.
– Бүгінгі конференцияны ұйымдастырудағы мақсатымыз Ғұмар Қараш сынды ойшыл, ағартушы тұлғаның кейінге қалдырған мұралары арқылы өскелең ұрпақты өз тарихы мен Отанын сүюге жетелеу болатын. Осы бағыттағы шаралардың легі конференция жұмысымен тәмамдалып қалмақ емес. Бұл Ғұмарды танудағы кешенді және жүйелі шаралардың бірі ғана, – деп қорытынды жасады Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Әбіл Жоламанов.
Аталмыш шара аясында Ғұмар Қараштың өмірі мен шығармашылығы туралы деректерді қамтитын «...Жойылмаса игі еді, артта қалған ізіміз» атты кітап көрмесі конференцияға қатысушылардың назарына ұсынылды.
Темір Құсайын,
«Егемен Қазақстан».
ОРАЛ.

Тұлға • Кеше
Ауа райы • Кеше
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Кеше
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Кеше
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Кеше