Аймақтар • 15 Қараша, 2024

Шымкент қаласының бас санитар дәрігері пара алған

55 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шымкенттің бас санитар дәрігері пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкент қаласының бас санитар дәрігері пара алған

Фото: Ашық дереккөз

Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты пара алу ісі бойынша төрт айыпталушыға қатысты қылмыстық істі қарады.

Хабарланғандай, сотталушылар Тжәне Т. ҚК-нің 366-бабының 3-бөлігінің 2) тармағымен (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам бола тұра айтарлықтай мөлшерде пара алу) айыпталған.

Ал сотталушы М. ҚК-нің 368-бабының 2-бөлігімен (парақорлыққа бірнеше рет делдал болу, яғни пара берушiге және пара алушыға олардың арасындағы пара алу және беру туралы келісімге қол жеткiзуге және оны iске асыруға ықпал ету) айыпталған. Сотталушы  А. ҚК-нің 367-бабының 2-бөлігімен (мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам бола тұра  айтарлықтай мөлшердерде пара беру) айыпталған.

«Т. «Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ-нің басшысы және Т. персоналды басқару қызметінің басшысы бола тұра, адамдар тобы болып алдын ала сөз байласу арқылы А.-ның қызын жұмысқа орналастырып беру үшін 600 000 теңге көлемінде айтарлықтай мөлшерде пара алған. М. «Шымкент бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының» басшысы бола тұра,  Т. мен Т.-ға 600 000 теңгені беруде парақорлыққа делдал болған. Сонымен қатар А.,  лауазымды адамға делдал арқылы айтарлықтай мөлшерде пара берген. Сотталушылардың кінәсі өздерінің жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденеді», делінген хабарламада.

Прокурор сотталушыларға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Сотталушылар кінәларын мойындап, істеген іс-әрекеттеріне шынайы өкініш білдіріп, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды өтінген.

«Сот сотталушылардың қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде істеген іс-әрекеттеріне шынайы өкініш білдіргенін, жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар анықталмағанын ескерді. Сот Т.-ны  ҚК-нің 366-бабының 3-бөлігінің 2) тармағымен  кінәлі деп танып, 6  жылға  бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Т.-ны ҚК-нің 366-бабының 3-бөлігінің 2) тармағымен  кінәлі деп танып, 21 000 000 теңге мөлшерінде айыппұл жазасын тағайындады. М.-ны ҚК-нің 368-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, 9 000 000 теңге мөлшерінде айыппұл жазасын тағайындады. А.-ны ҚК-нің 367-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, 12 000 000 теңге мөлшерінде айыппұл жазасын тағайындады», делінген хабарламада.        

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.