Президент • 15 Қараша, 2024

Мемлекеттік қызметшілер сыйақыға лайықты - Президент

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы беруге тыйым салу туралы хабарламаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік қызметшілер сыйақыға лайықты - Президент

Фото:

«Сонымен қатар жақында мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы беруге тыйым салынатындығы туралы мәселе қызу талқыланды. Қаржы министрлігі оған тыйым салуға негіз жоқ екенін түсіндіріп берді. Мемлекеттік қызметшілер – елдегі жүйелі өзгерістердің басты жолбасшылары. Олардың табысы айтарлықтай көп емес. Кей кездері түнімен жұмыста отырады. Мемлекеттік қызметшілердің де отбасы мен міндеті, қала берді қарапайым адам ретіндегі қалауы мен жоспары бар.Мемлекеттік органдардың тиімділігін арттыру үшін қатардағы қызметкерлердің еңбекақысы бәсекеге қабілетті болуы керек деп ойлаймын. Сыйақы аталған мәселені шешуге мүмкіндік береді. Басқа жолмен мемлекеттік қызметке білікті мамандарды тартып, кадр тұрақсыздығы проблемасын шешу қиын», деді Мемлекет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қаржы министрі Мәди Тәкиев Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы төлеу жүйесіндегі жаңашылдық туралы мәлімдеген болатын. Министрдің айтуынша, мемлекеттік қызметкерлер бұдан былай мемлекеттік органдар үнемдеген қаражаттан сыйақы алмайды. Бұл ақша бюджетке қайтарылады.