АСТАНА
Н.Ә.Назарбаевты президенттік сайлауда үлкен басымдықпен жеңіске жетуімен және ел Президенті қызметіне кірісуімен құттықтаймыз!
Халықтың бұл таңдауының астарында Елбасына деген үлкен сенім жатыр. Өйткені, Мемлекет басшысында алдағы іс-қимылдарға байланысты нақты стратегиялық жоспар бар.
Астана қаласының этномәдени бірлестіктері Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған институттық реформалардың көкейкестілігін атап көрсетеді.
Салмақты мемлекеттік саясаттың арқасында Қазақстан бүгінде көптеген бітімгершілік бастамалар мен серпінді экономикалық реформалардың интеграторы. Қазақстан іс жүзінде табысты даму үстіндегі мемлекет құру жолымен нық қадам басып келеді.
Біз Мемлекет басшысы ұсынған мемлекеттік қызмет, индустрияландыру, оның ішінде заң үстемдігін қамтамасыз ету салаларындағы халықтық реформалар еліміздің жаңа табыстарға жетуіне оң ықпал ететініне сенімдіміз.
Біздің 100-ден астам этнос тұратын көпұлтты қоғамымызда бейбітшілікті, бірлік пен толеранттылықты сақтау жөніндегі қазақстандық саясат – баға жетпес құндылық.
Қазіргі таңда Қазақстанның этносаралық келісімді нығайту жөніндегі тәжірибесі әлемдегі ең табыстыларының бірі ретінде мойындалып отыр.
Болашақтың біртұтас ұлты мен транспарентті және есеп беруші мемлекет – шешуші институттық реформалар шеңберінде – тұрақтылық пен келісімнің өзіндік ұлттық жүйесін дамыту жалғасатын болады.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы қағидаттарына негізделген қазақстандық бірегейлікті одан әрі нығайту маңызды екенін ерекше атап көрсетсек дейміз.
Роза ПАК,
корей этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары.
АЛМАТЫ
Мемлекет басшысы – Елбасы Н.Ә.Назарбаевты кезектен тыс сайлаудағы жеңісімен және Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ресми түрде кірісуімен шын жүректен құттықтаймын!
Ел Президентінің ұлықтау салтанаты Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында өтуінің терең нышандық мәні бар.
Дәл қазір, әлемдік экономикалық дағдарыс белең алып, Қазақстан экономикасына қысым көрсете бастаған кезде, бізге тұрақтылық, бірлік және қоғамымыздың топтасқандығы ауадай қажет. Елбасын сайлау арқылы біз Қазақстан халқының бірлігі мен өзінің Көшбасшысының төңірегіне топтасқандығын дәлелдеп бердік.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастамашылық жасаған институттық реформалар Қазақстан Президентінің даналығы мен стратегиялық тұрғыдан ойлай білетінін кезекті мәрте дәлелдеп берді.
Қазақстан қоғамын дәйектілікпен экономикалық, саяси, құқықтық, мәдени салаларда жаңғырту мемлекетімізді әрі қарай нығайтуға бағытталған.
Бүгінде еліміздің кез келген өңірінде тұратын әрбір қазақстандық өзінің әлеуетін жүзеге асыруға және өз Отанының игілігі үшін жұмыс істеуге толықтай мүмкіндіктерге ие.
Елбасы ұсынған бес институттық реформаны жүзеге асыруда Алматы қаласына ерекше орын берілген.
Мұнда қаржы орталығын құру, сондай-ақ, арнайы мәртебесін заңды тұрғыдан бекіту қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік беріп қана қоймай, Еуразиялық экономикалық одақтың қызметін тиімді ете түсуге ықпал ететін болады.
Мұның шағын және орта бизнесті дамытуға, қызмет көрсету деңгейін жоғарылатуға оң әсер ететіні сөзсіз. Аталған секторды қолдаудың ел Президенті ұсынған тетіктері оны әрі қарай дамыту үшін басты ынталандырушы күш ретінде көрінеді.
Мемлекет басшысының институттық реформаларын жүргізу туристік сала үшін де үлкен перспективаларға есік ашады.
Еліміз бен Елбасының жоғары халықаралық беделі өмірдің барлық саласы үшін дамуға барынша оңтайлы жағдайлар туғызса, бұлар Қазақстанның қазіргі және болашақтағы табыстарының берік негіздері болады.
Бес институттық реформаны жүзеге асыруды дәл қазір бастаудың маңызы өте зор.
Мария ПАПП,
венгр этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары,
«Келет» АҚ әкімшілік
бөлімінің басшысы.
АҚМОЛА облысы
Дауыс берудің керемет қорытындыларын тұтастай және толық қолдай отырып, Н.Ә.Назарбаевты Қазақстан Президенті қызметіне ресми кірісуімен құттықтаймыз!
Биылғы жылғы 1 мамыр күні – ерекше мереке қарсаңында бүкіл халық болып сайлаған Президенттің қызметіне кірісуінің салтанатты рәсімі өтті. Бұл біздің қоғамдық келісіміміз бен ұлттық бірлігімізді бұрынғыдан да нығайта түспек.
Біз Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевқа қазақстандық қоғамның топтасқандығы, бірлігі, этносаралық келісімі үшін терең алғыс сезімін білдіреміз.
Азаматтардың тату-тәтті және бақытты өмірі, әл-ауқаты – мұның бәрі ел Президентінің дана әрі көреген саясатының жемісі.
Елдің халықаралық беделі нығая түсуде, бізді бүкіл әлем біледі және құрметтейді.
Мемлекет басшысы ұсынған реформалар – бұл Қазақстанның жаһандық сын-қатерлерге дер кезінде берген мығым жауабы. Елбасы ұсынған бес реформаның жиынтығы Қазақстан мемлекеттігін нығайтудың алғышарттары болып табылады.
Институттық реформалардың бірі – мемлекеттік қызметтің кәсіби және автономды корпусы экономикалық бағдарламаларды іске асырудың тиімділігін және мемлекеттік қызметтерді ұсынуды арттыруға мүмкіндік бермек.
Заң үстемдігін қамтамасыз ету орайындағы реформа судьялар жұмысына біліктілік талабын қатаңдандыра түсуге және бүкіл сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етуге жол ашады. Осы арқылы судьялар қатарындағы сыбайластық проблемасы шешімін таппақ.
Индустрияландыру және экономикалық өсім бүкіл жүйенің әртараптандырылуын қамтамасыз етіп, мықты орта тапты жасақтауды тездетеді.
Жалпыұлттық рухани «Мәңгілік Ел» идеясының біріктіруші құндылықтары қазақстандықтардың ұлттық біртектілігіне әкеледі. 100-ден астам этнос пен 17 конфессия өкілдері болып табылатын біздер үшін Еуразиялық идея біріктіруші мұратқа айналуы тиіс.
Елена МАЩИНСКАЯ,
ҚХА мүшесі, Ақмола облыстық мәслихатының қоғамдық және этносаралық келісім мәселелері жөніндегі партияаралық ынтымақтастық депутаттық тобының жетекшісі, «Чуваш этномәдени орталығы» қоғамдық
бірлестігінің төрайымы.
АҚТӨБЕ облысы
Ақтөбе облысының этномәдени бірлестіктері Н.Ә.Назарбаевты кезектен тыс сайлаудағы айқын жеңісімен және Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кірісуімен құттықтайды!
Бұл – біздің ортақ жеңісіміз, бүкіл Қазақстан халқының жеңісі. Әлемде және елімізде болып жатқан жағдайлар бізді де толғандырмай тұра алмайды. Сондықтан біз Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған бес институттық реформаның ерекше маңыздылығын атап көрсетеміз.
Жиырма жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассам-
блеясы құрылды. Осынау бірегей институт біздің қоғамның басты қағидатын – Қазақстан халқының татулығын, келісімі мен бірлігін іске асырады.
Президент Н.Ә.Назарбаевтың халықтық реформаларын іске асыру Қазақстанның одан әрі табысты әрі қарқынды дамуы үшін көкейкесті әрі уақыт талабы.
Мемлекет басшысының салиқалы саяси бағытының арқасында Қазақстан экономикасының негізі берік. Реформалардың бірінде ұсынған одан әрі индустрияландыру бұл тұғырды барынша нығайта түспек.
Индустрияландыру бағдарламасының орындалуы біздің облыстың өндірістік кәсіпорындары мен шағын және орта бизнес саласында жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Реформаның арқасында бұл жұмыс жалғасын тауып, өңдеуші секторды кеңейту және жаңа экспорттық өнімдерді жасау жолымен елдің экспорттық әлеуетінің дамуы қамтамасыз етілетін болады.
Қазақстан жеріндегі татулық, достық және толеранттық философиясы әлемдік қоғамдастық үшін үлгіге айналды. Осы қағидаттардың барлығы «Мәңгілік Ел» идеясының және ортақ болашақты құру жөніндегі реформаның негізіне алынды.
Біз Елбасының халықтық реформалары қоғамдағы экономикалық тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық татулық пен келісімді сөзсіз қамтамасыз етеді деп есептейміз.
Біз Көшбасшымен біргеміз, бірге болғанда біз біртұтаспыз және күштіміз!
Гайк ТЕРТЕРЯН,
«Урарту» армян қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
АЛМАТЫ облысы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты кезектен тыс сайлаудағы тамаша жеңісімен және Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кірісуімен шын пейілден құттықтаймыз!
Бұл тарихи оқиғаның Қазақстан халқының бірлігі күнінің – біздің халқымыздың ынтымағы, біздің ұлттық бірлігіміз бен қоғамдық келісім мерекесінің қарсаңында өтуі айрықша нышанды.
Мемлекет басшысының дана саясаты, оның көрегендігі мен салиқалылығы, барлық іс-қимылдарының айқындығы мен негізділігі, шешімталдығы мен қажыр-қайраты Қазақстан Республикасының даму тарихындағы жаңа өркен ретінде өз жемістерін беруде.
Біз, Алматы облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, Қазақстан Республикасының Президенті ұсынған бес институттық реформаның уақыт талабына сай өзектілігін атап көрсетеміз.
Институттық реформалау – әлемдік экономика мен геосаясатта қалыптасқан ахуалға берілген нақты жауап.
Мемлекеттік аппаратты реформалау және мансап бойынша әділетті өсу мен мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру қағидаттарын нығайту саяси шешімдерді қабылдаудың тиімділігі мен сапасын арттырады. Сайып келгенде, бұл мемлекеттік қызметтің абырой-беделінде көрініс тауып, азаматтардың сенім деңгейін өсіреді.
Заңның үстемдігі – қоғамдағы әділеттіліктің міндетті шарты. Ондай жерде бизнес еркін дами алады. Қазір құқық қорғау және сот органдарында кәсібилердің жұмыс істеуі өте маңызды.
Алматы облысының өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығында еліміздің барлық ұлттарының өкілдері тату-тәтті келісім жағдайында өмір кешіп, еңбек етуде.
Облысымыздың берекелі жерінде егіншілік және мал өсіруші фермерлік шаруашылықтар табысты дамуда.
Орта және шағын бизнестің, сондай-ақ, аграрлық сектордың дамуын мемлекеттік қолдау біздің жерлестерімізге жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етіп, жастарымызға жаңа көкжиектер ашады.
Біз, қазақстандықтар, болашақтың біртұтас ұлты ретінде ел Президенті алға қойған реформаларды іске асыруға бірауызды зор құлшыныспен әзір отырмыз.
Алдағы жұмыстағы ең басты нәрсе – біздің ынтымағымыз бен бірлігіміз.
Біз мемлекеттің транспаренттілігі және есеп беріп отыруы ұлтаралық бірлікті, конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайтуға жасампаздық серпін беретіндігіне сенімдіміз. Бұл – Мемлекет басшысының дана саясатының басты жетістіктері.
Бес негізгі бағыт бойынша ұсынылған реформалар заманауи талаптарға әбден сай келеді және озық сипатқа ие. Әркез алда жүру күшті көшбасшылардың қасиеті. Осы қасиет жалпы алғанда, бүкіл халықты және мемлекетті табыс пен өркендеуге жеткізеді.
Біз және біздің Отанымыз – Қазақстан ғылыми ой мен өнеркәсіптік технологияның соңғы жетістіктерін пайдалана отырып, өз даму қарқынымызды баяулатпай, Көшбасшымызбен бірге әлемнің озық дамыған 30 елінің қатарына қосылуға қадам басқан өз жолымызды кәміл сеніммен жалғастырамыз.
Расим КУШАЛИЕВ,
Республикалық «Ахыска»
түрік этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары.
АТЫРАУ облысы
Атырау облысының этномәдени бірлестіктері Елбасын сайлаудағы лайықты жеңісімен және Президент қызметіне ресми кірісуімен құттықтайды! Елбасының ел игілігі жолындағы тынымсыз еңбегіне, әрбір қазақстандыққа деген қамқорлығына өз сүйсінісімізді білдіреміз.
Бұл оқиға тағы бір рет Қазақстан халқының шынайы бірлігінің айғағына айналды. Ұлықтау рәсімінің 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында өткендігі тегін емес.
Біз Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашысы болған бес институттық реформаның ерекше өзектілігін атап көрсетеміз. Бүгін таңда күрделі геосаяси үдерістер, әлемдік экономикадағы тұрақсыздық жағдайында Мемлекет басшысы саясатының арқасында Қазақстан серпінді және сенімді дамуын жалғастыруда.
Осы заманғы сын-қатерлер жаңа жауаптарды, қалыптан тыс шешімдерді, алдын алу шаралары қолданылуын талап етеді.
Сондықтан біз Қазақстан экономикасының одан әрі сатылап дамуын және қоғамның әлеуметтік көңіл күйі жақсаруын қамтамасыз етуге бағытталған Президенттің бес халықтық реформасының жария етілуінің маңыздылығын ерекше қадап айтамыз. Елде мемлекеттің қолдауымен этностық БАҚ-тар шығарылуда, ұлттық театрлар жұмыс істейді. Этностық топтардың көптеп тұратын жерлеріндегі мектептерде ана тілдерінде пәндер оқытылады.
Біз «Мәңгілік Ел» идеясы құндылықтарының негізінде топтасқан, тең құқықты және тең мүмкіндіктерге ие қазақстандық қоғамның қазақстандық біртектілікті нығайту жолында ілгері баса беретініне сенімдіміз.
Мемлекет басшысы атап көрсет-
кендей, азаматтық қағидаты табысты мемлекеттің ең сенімді іргетасы болады.
Юрий КУСТАДИНЧЕВ,
Атырау облыстық «Возрождение» болгар этномәдени
бірлестігінің төрағасы.
БАТЫС Қазақстан облысы
Батыс Қазақстан облысының этно-мәдени бірлестіктері Н.Ә.Назарбаевты сайлаудағы жеңісімен және еліміздің Президентін ұлықтау күнімен шын жүректен құттықтайды!
Қазақстан халқы тағы да өздерінің ауызбірлігін, ел дамуындағы бірлігін, бақытты да дамыған Қазақстанды құрудағы шынайы көзқарасын білдіріп, бірден-бір таңдауын жасады.
Біз Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған бес институттық реформаның айрықша көкейкестілігін атап өткіміз келеді.
Бес халықтық реформа – бұл қазақстандық болашақ біртұтас ұлтқа жасалынған бес қадам.
«Ашық үкімет» тетігі арқылы транспарентті және есеп беретін мемлекет құру, мемлекеттік органдардың жауапкершілік кеңістігін тарылту – азаматтық қоғамның күнделікті өмірде, көкейкесті салаларда маңызды шешімдер қабылдауға белсенді қатысуына мүмкіндік әпереді.
Заң шығару саласында, қоғамда өзін өзі басқару жүйесін кеңінен енгізу жөнінен қарастырылған кешенді бұл шаралар мемлекетімізді жаңғыртуға бағытталған.
Біз Президент Н.Назарбаевтың саясаты арқасында Қазақстан қол жеткен жетістіктері мен табыстарын нығайтып, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру жөніндегі жоғары стратегиялық мақсатының үдесінен шығатынына сенімдіміз.
Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін көтеруге және ұлтаралық келісімін нығайтуға бағытталған барлық бастамаларын әрқашан да қолдайтын боламыз.
Максим ПАК,
Батыс Қазақстан облыстық корей этномәдени бірлестігінің төрағасы,
ҚХА мүшесі.
ЖАМБЫЛ облысы
Біз Н.Ә.Назарбаевты сайлаудағы бұлтартпас жеңісімен және еліміздің Президенті қызметіне кірісуімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қазақстан Республикасының Нұрсұлтан Әбішұлының басшылығымен бұдан да қуатты мемлекетке айналатынына сенеміз!
Татулық пен келісімнің қазақстандық озық моделі көптеген өзге мемлекеттерге үлгі болары анық. Толеранттылық пен бірлік «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының басты да құнды негізі ретінде ресми түрде жарияланды.
Ұлықтау рәсімі 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі мерекесі қарсаңында өтуі тегін емес. Бұл мереке шын мәнінде біздің елімізде өмір сүріп жатқан барлық этностар арасындағы нағыз достықтың символына, ынтымақтастық пен жаңарудың үлгісіне айналды.
Президенттің бес халықтық реформасы қазіргі заман сын-қатерлеріне жауап болып, экономикалық және әлеуметтік дамуда жаңа биіктерге өрлеуге жол ашады.
Бүгінде ТМД елдері арасында Қазақстан – халқының өмір сүру дәрежесі ең жоғары, инвестициялық климаты мейлінше қолайлы, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен әкімшілік аппараты реформасын жасауда озық көшбасшы санатында танылып отыр.
Мемлекет басшысының «алдымен экономика, содан кейін саясат» ұстанымының негізінде іске асқан саясатының арқасында барлық сала тиімді дамып келеді.
Бес институттық реформаның негізгі бір мақсаты – транспарентті және есеп беруге тиісті мемлекет болып саналады.
Біз мемлекеттік органдар басшыларының есеп беру тәжірибесі халықтың сенім дәрежесін арттырады деп санаймыз. Сондай-ақ, мемлекет пен тұрғындар арасындағы тиімді байланыста «ашық үкімет» тетігін ерекше атап өту керек, бұл арада азаматтар шешімдер жасау үдерісіне қатысуға мүмкіндік алады.
Мемлекет басшысы атап өткендей, мемлекеттік органдар мен әкімдіктер жанындағы қоғамдық кеңестердің рөлін күшейтудің де маңызы зор. Бұдан тыс, азаматтық қоғамды – аумақтық дәрежедегі бюджеттендіру үдерісіне тартудың да маңызы зор.
Амир ХАЛИКОВ,
Жамбыл облыстық «Айнұры» татар-башқұрт этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
ҚАРАҒАНДЫ облысы
Біз, Қарағанды облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты кезектен тыс сайлаудағы кәміл жеңісімен және Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кірісуімен шын жүректен құттықтаймыз!
Нұрсұлтан Әбішұлының жеңісі – біздің еліміздің одан әрі өркендеуінің кепілі.
Біздің Көшбасшымыздың басшылығымен Қазақстан көз алдымызда жас мемлекеттен әлем елдері арасындағы нышанды құбылысқа айналды.
Біз Президент тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан үдемелі индустрияландыру бағдарламасының және «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатының нақты нәтижелерін көрудеміз.
Елбасының бес институттық реформасы қазіргі даму қарқынын сақтауға, мемлекеттік басқаруды жетілдіруге және қазақстандық қоғамды бұрынғыдан да топтастыра түсуге қызмет етеді.
Транспарентті және есеп беріп отыратын мемлекетті қалыптастыру азаматтық қоғамның біздің өміріміздің әртүрлі салаларына байланысты аса маңызды шешімдерді қабылдауға белсендірек қатысуына мүмкіндік береді.
Заңнамалық салада қарастырылған шаралар кешені, қоғамның өзін-өзі реттестіру жүйесін кеңінен енгізу біздің мемлекетімізді жаңғыртуға бағытталған.
Биыл біз еліміздің тарихындағы маңызды межелерді – Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын, Конституцияның 20 жылдығын атап өтеміз.
Қазақстандық қоғам үшін Елбасының бес институттық реформасының да қуатты біріктірушілік идеясы бар. Мемлекет басшысының сарабдал саясатының арқасында Қазақстан экономикада жақсы мығымдық қорына ие, барлық салаларда одан әрі дәйекті даму үшін барлық жағдайлар жасалған.
Татулық пен келісім ісіне, одан әрі тұрақты дамуға шынайы берілгендік қазақстандықтарды жаңа жетістіктерге жігерлендіреді.
Н.Ә.Назарбаевтың татулық пен келісім саясаты біздің халқымыздың алдынан күш-жігерді біріктіре отырып, берекелі де көркейген Қазақстанды құру жолында бірлесе еңбек етудің, балаларымызды өсірудің, біздің ортақ болашағымызды құрудың тарихи ұлы кеңістігін ашып берді.
Сондықтан ұлықтау және ел Президенті қызметіне кірісу рәсімінің 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесінің қарсаңында өтуінің терең мәні бар. Бұл оқиға Қазақстан халқының шынайы бірлігінің тағы бір айғағына айналды.
Біздің шын жүректі құттықтауымызды және игі тілектестігімізді қабыл алыңыз.
Увайс ДЖАНАЕВ,
Қарағанды облыстық «Вайнах» чешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі.
ҚОСТАНАЙ облысы
Қостанай облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Н.Ә.Назарбаевты өткен сайлаудағы айқын жеңісімен және Ел Президенті қызметіне кірісуімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сайлау қазақстандықтардың ауызбірлігі мен Елбасына деген шынайы сүйіспеншілігін көрсетті. Сайлау қорытындысы халықтың өзінің Елбасына деген толық сенімін паш етті, Мемлекет басшысы ұсынған халықтық реформаның көкейкестілігі мен өміршеңдігін байқатты.
Қазақстан мемлекеттігін одан әрі нығайту жолындағы бес қадам – бұл шын мәніндегі халықтық реформалар.
Еліміздің аграрлық өңіріндегі біздер үшін Елбасының жаңа кешенді даму бағдарламасының негізінде ауыл шаруашылығының шикізат өңдеу секторын дамытуда алдымызға қойған міндеттердің мән-маңызы өте зор.
Бұл бізге жаңадан жұмыс орнын ашу үшін жағдай жасап қана қоймай, ең алдымен, қажет етіліп отырған жоғары сапалы өнімдер өндіруді қамтамасыз етеді.
Осыған байланысты шағын және орта бизнестің келешегіне жол ашылмақ. Мемлекет басшысының бес институттық реформасы – экономиканың осы секторының қосымша өркендеуіне, дамуына жетелейтін кешенді шаралар десе де болады.
Бұл әлеуметтік-экономикалық мәселелерді тиімді шешуге, аймақтық қана емес, күллі республика рыногын жаңа тауарлармен толтырып, халықтың тұрмысын көтеруге мүмкіндік береді.
Нақ сол себептен де Қазақстан Президентінің институттық реформасының еліміздің барлық аймақтарында табысты көрсеткіштерге ие болары анық.
Еліміздің бүгінгі жеткен жетістігі тек біздің Мемлекет басшысының жүргізіп отырған татулық пен келісім саясатының арқасында ғана жүзеге асты.
Толеранттылық идеясы негізінде дамып, өркендеу – болашақ біртұтас ұлт құру міндеттерін айшықтайды.
Андрей ДВУРЕЧЕНСКИЙ,
Қостанай облыстық ҚХА орыс этномәдени бірлестігінің мүшесі.
ҚЫЗЫЛОРДА облысы
Қызылорда облысының Ассамблея мүшелері Н.Ә.Назарбаевты сайлаудағы теңдессіз жеңісімен және Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кірісуімен шын жүректен құттықтайды!
Біз әлемдегі қазіргідей аса күрделі экономикалық дағдарыс кезеңінде, тек қана нағыз Көшбасшы – Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетті әлеуметтік прогреске сенімді бастай алады деген сенімдеміз.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған институттық бес реформаны жүзеге асыруды уақыттың өзі міндеттеп отыр.
Қазақстандық қоғамды жаңғыртудың басты бағыттары – қазіргі заманға сай кәсіби және автономды мемлекеттік аппаратты құру, заң үстемдік етіп, жекеменшіктік құқықты қорғау. Экономикадағы тұрақтылық пен болашақ біртұтас ұлт негізінде транспарентті және есеп беретін мемлекет – барлығымыз үшін заманауи мемлекет болып табылады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 100 ұлт пен ұлыс, 17 конфессия өкілдері өзара ынтымақ пен келісім жағдайында өмір сүріп жатыр.
Біз бір халықпыз, біз – қазақстандықтармыз! Біздің мемлекетіміздің басшысы – келешек бір ұлт қалыптастыру үшін қазақстандық қоғамды бұрынғыдан бетер ұйыстырып, бәсекелестік ахуал туғызуды міндеттеді.
Мұндай институттық реформаны жариялау барлық қазақстандықтарға теңдей мүмкіндіктерге ие болуға құқық береді.
Біз Елбасымен ғана қуатты да тұрмыс дәрежесі жоғары мемлекетте өмір сүруді көздеген мақсаттарымызға жетеміз.
Галина Щербакова, «Славяне» қоғамдық-мәдени бірлестігінің жетекшісі.
МАҢҒЫСТАУ облысы
Маңғыстау облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Елбасын сайлаудағы айқын жеңісімен және Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кірісуімен құттықтайды!
Бұл – өз Елбасына деген зор сенімнен туындаған халық еркінің көрінісі.
Біздің барлық жетістіктеріміз Президенттің ұлттық бірлікті басты назарда ұстауының арқасында мүмкін болды. Ел Президентінің қызметіне кірісу рәсімі бүкілхалықтық мереке – Қазақстанның барша халқының бірлігі күні қарсаңында болғандығы тегін емес.
Халық өз Көшбасшысына өз болашағын сеніп тапсырған. Тек Елбасы бастауымен ғана біз ортақ бақ-берекені орната алмақпыз.
Біз Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев белгілеген институттық реформалардың маңыздылығы мен өзектілігін атап көрсетеміз.
Бүгінде елде ауқымды «Нұрлы Жол» бағдарламасы іске асырылуда, жаңа кәсіпорындар ашылуда, жаңа жұмыс орындары құрылуда.
Қазақстан Президенті қабылдаған елді одан әрі тұрақты дамыту жөніндегі шаралар ертеңгі күнге деген сенімділік ұялатады. Көлік-логистикалық және туристік әлеуетке ие біздің өңір үшін біреуі туризмді дамытуға бағытталған бес институттық реформаның қабылдануы үлкен көкжиектер ашады.
Маңғыстау – Қазақстанның инвестиция ең көп салынатын облыстарының бірі. Сондықтан Мемлекет басшысының шетелдік және отандық инвесторлар тарапында заңның үстемдігін және қазақстандық сот орындарының әділдігін қамтамасыз ету жөнінде қойып отырған міндеттерінің біз үшін маңызы үлкен.
Барлық қазақстандықтар үшін жалпықазақстандық «Мәңгілік Ел» идеясы үлкен біріктірушілік қуатқа ие.
Біз көпұлтты халқымыз Көшбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен бірге басты мақсатымызға жететініне – біздің еліміз бұрынғыдан да күшті болып, өркендей түсетініне сенімдіміз.
Магомед ЛОРСАНОВ,
Маңғыстау облысының «Вайнах» чешен-ингуш этномәдени
бірлестігінің төрағасы.
ОҢТҮСТІК Қазақстан облысы
Оңтүстік Қазақстан облысының этномәдени бірлестіктері Н.Ә.Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен және Мемлекет басшысы лауазымына ресми кірісуімен шын жүректен құттықтайды!
Бұл – оның тарихының күрделі сәтінде Елбасы саясатының төңірегіне біздің топтасуымызды қажет ететін біздің еліміз үшін нағыз ақиқат сәті.
Сондықтан ұлықтау рәсімінің Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – 1 мамыр қарсаңында өтуінің терең символдық мәні бар.
Әлемдік экономикалық дағдарыс кезеңінде біз Мемлекет басшысы ұсынған 5 институттық реформаның заманауилығын атап өтпекпіз.
Қазақстан экономикасының шешуші бағыттарын және мемлекеттік менеджмент жүйесін реформалау Қазақстанның баршаға бірдей қазіргі заманғы мемлекет ретінде одан әрі дамуының маңызды сатысына айналады.
Олар «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатын жүзеге асыруға және Қазақстанның әлемнің 30 дамыған елінің қатарына енуіне жағдай жасайды.
Әлемдік экономикада энергия ресурс-
тары мен металға бағаның құлдырауы, саяси салада шиеленісті және дау-жанжалды ахуалдар байқалуда.
Дәл осынау күрделі кезеңде Мемлекет басшысы жаңа бағдарлар қойып, Қазақстанның бүкіл қоғам игілігі үшін жасампаздықпен даму жолында алға басу бағытын таңдауды көрегендікпен белгіледі.
Біз әртараптандыру негізінде индустрияландыру жөніндегі міндетті көтеріңкі көңіл-күймен қабылдадық. Сонымен бірге, ел Президенті аграршыларды субсидиялау тиімділігін арттыру арқылы ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қолдауды бірінші кезекке қойды. Бұл шаралар бізге отандық тауарлардың бәсекелестігі мен Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруға жағдай жасайды.
Біздер, облыстық Қазақстан халқы кіші Ассамблеясының өкілдері бүгінде мемлекеттік басқару жүйесін қайта пішіндеудің маңызды екенін атап өткіміз келеді.
Қазіргі заманғы қазақстандық мемлекеттік қызметшілер ең жоғары талаптарға жауап беруі тиіс. Ол мемлекеттік қызметке әділ және тең қол жеткізгенде, олардың сіңірген еңбегіне қарай мансаптық өсуінде, моральдық және материалдық ынталандырудың икемді жүйесінде ғана мүмкін.
Жекеменшік құқығына кепілдік беретін заң үстемдігін қамтамасыз ету әлемдік экономикадағы қазіргі заманғы теріс ағымдар ықпалына қарсы тұрудың маңызды тетігі болмақ. Бүгінде елде кәсіби және жеке мүддеге салынбайтын судьялардың, құқық қорғау жүйесінің принципті қызметкерлерінің жұмыс істеуі өте маңызды. Қоғам өмірінің барлық салаларындағы тұрақтылық пен қауіпсіздік шетелдік бизнес үшін Қазақстаның инвестициялық тартымдылығын арттыра түседі.
Мемлекет басшысы ұсынған барлық шаралар біздің қоғамымызды біріктіріп, оны келешек буынның игілігі үшін бірегей міндеттерді шешуге бағыттайды.
Марина ЛИМАРЕНКО,
«Южный Казахстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің
бас редакторы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.
ПАВЛОДАР облысы
Павлодар облысының этномәдени бірлестіктері өкілдері кезектен тыс сайлауда айқын жеңіске жетіп, Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кірісуімен шын жүректен құттықтаймыз!
Еліміздің Президентін сайлау біздер үшін – тағдыршешті оқиға. Отанымыздың гүлденген болашағын біз тек қана Н. Назарбаевтың есімімен байланыстырамыз.
Мемлекет басшысы 5 институттық реформаны дер уақтында ұсынды деген ойдамыз.
Кез келген жоспардың стратегиялық дамуы әрқашанда тактикалық қадамдар жасау арқылы игерілмек, ол институттық реформа болып табылады.
Павлодар облысында өнеркәсіптік өндірістер қарышты дамып келеді, оның қатарында отандық металлургия көш бас-
тап, энергетика мен пайдалы қазбалар өндіру дамып отыр. Халықаралық экономикалық ынтымақтастық қалыптасты. Мал шаруашылығы мен астық өндіру аграрлық бизнесте дәстүрлік салаға айналды.
Мемлекет басшысы ұсынған мемлекеттік басқару саласын қайта құру, заң үстемдігін нығайту, индустрия мен ауыл шаруашылығын дамытуды қамтамасыз ету – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Мемлекеттік қызметке жаңаша басымдық беру сапалық көрсеткіштерге бағытталған менеджменттің жаңаша жүйесін қалыптастыруға оңтайлы жағдай жасайды.
Тең қолжетімділік қағидаттары, материалдық ынталандырудағы әділдік, мемлекеттік қызметшілердің мансап баспалдағымен өсуі – барлық салада стратегиялық басымдық пен мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды оң шешуге септігін тигізері хақ.
Павлодар облысында өңдеуші өнеркәсіпті жеделдетіп дамыту үшін барлық жағдай жасалынған. Энергетикалық кешен, қолайлы географиялық орналасу, табиғи және жасанды тасымалдау желілері табысты индустрияландыруға, әртараптандыруға негізделген экономикалық өсудің алғышарты болып табылады.
Білікті мамандар және өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында қалыптасқан әлеуеттер зор экономикалық қуатты күш болып саналады. Ынтымағы жарасқан үлкен шаңырақтың мүшелері, біздер, облыс тұрғындары аға ұрпақтың даңқты дәстүрін лайықты сақтап, жалғастырып келеміз.
Қазақстан Республикасы Президенті ұсынған институттық реформалар шын мәнінде бір мақсатқа ұйыстырушы фактор болып табылады.
Любовь БОГНАТ,
Павлодар облыстық «Беларусь» мәдени орталығы» ҚБ төрайымы.
СОЛТҮСТІК Қазақстан облысы
Солтүстік Қазақстан облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері Н.Ә.Назарбаевты сайлаудағы абсолюттік жеңісімен және Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымына ресми кірісуімен құттықтайды!
Елбасына соның арқасында түрлі ұлттар өкілдері татулықта, достық пен келісімде өмір сүріп жатқан кемеңгер саясаты үшін өзімнің сарқылмас ризашылығымды, терең құрметім мен шын жүректі алғысымды айтқым келеді.
Мемлекет басшысы ұсынған 5 институттық реформа біздің мемлекетіміздің баршаға арналған заманауи мемлекет ретіндегі одан әрі дамуын қамтамасыз етіп, «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты және «Қазақстан-2050» Стратегиясының табысты жүзеге асуына жағдай жасайды.
Мемлекеттік басқару жүйесіне көзқарастарды қайта қарау және «қайта жүктемелеу» саяси шешімдер қабылдау мен жүзеге асыру деңгейіндегі мемлекеттік басқару жүйесін қамтамасыз етуі тиіс. Барлық мемлекеттік қызметшілер үшін әділ жағдайлар туғызу және ынталандыру жүйесін белгілеу бүтіндей алғанда, мемлекеттік менеджментке оң әсер етеді.
Біздің облысымызда өңір экономикасының барлық салаларында бірге жұмыс істейтін бірнеше ұлт өкілдері өмір сүреді.
Ел Президенті ұсынған реформалар әртараптандыруға негізделген өнеркәсіптің буырқана өсуін қамтамасыз етуі тиіс. Біз үшін шағын және орта бизнес саласын қолдау айрықша маңызды.
Солтүстік Қазақстанда өсімдік және мал шаруашылығымен бірге ауылшаруашылық өңдеу кәсіпорындары дамуда. Қазіргі уақытта мемлекеттік қолдау мен аграрлық өндірісті субсидиялау бізге айрықша маңызды.
5 институттық реформа жұмылдырушы сипатқа ие. Олар бізді Қазақстанның біртұтас халқы ретінде қазіргі заманғы маңызды проблемаларды шешуге және Елбасы қоғам алдына қойған жалпымемлекеттік міндеттерге қол жеткізуге жұмылдыруы тиіс.
Бізге, барлық қазақстандықтар сияқты елде болып жатқан оң өзгерістерге өз қатыстылығымызды сезіну, болашақ ұрпақ үшін Қазақстанның ортақ даму ісіне өз үлесіміздің қосылғанын сезіну маңызды.
Рашбиль ЕВДАЕВ,
«Солтүстік Қазақстан облыстық еврейлер мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
ШЫҒЫС Қазақстан облысы
Шығыс Қазақстан облысының этномәдени бірлестіктері Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлаудағы жеңісі туралы хабарды құптау және біздің еліміз үшін мақтаныш сезімімен қабыл алды.
Біз бәрі де адам үшін жасалып жатқан Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы табыстарды жалпы жұрт мойындаған Көшбасшы, ғаламдық ойлау жүйесін жете меңгерген тұлға Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыстырамыз. Осының бәрінің негізінде біздің еліміздегі достық пен тұрақтылықты нығайту жолындағы Сіздің бағытыңыз жатыр.
Ұлықтау рәсімінің және ел Президенті қызметіне кірісуінің Қазақстан халқының бірлігі мерекесінің қарсаңында болғандығы тегін емес.
Біз Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашысы болған бес институттық реформаны іске асырудың өмірлік маңыздылығы мен қажеттілігін атап көрсетеміз.
Елбасының дана саясатының арқасында Қазақстан татулық пен келісімнің, толеранттылық пен бірліктің өзіндік ерекше моделін сақтай алып отыр. Біз өз еліміздің жетістіктерін, өздерін біртұтас ынтымақты ұлт сезінетін адамдар арасындағы достық рәуіштілікті мақтан тұтамыз.
«Мәңгілік Ел» идеясының негізгі құндылықтары қазақстандық қоғамды қазақстандық біртектілікті нығайту орайындағы жалпыұлттық мақсаттар төңірегіне одан әрі топтастыруға қабілетті.
Мемлекет басшысы бес халықтық реформаны жария еткенде атап көрсеткендей, заманауи мемлекет орнатудың негізгі қағидаты азаматтық теңдік болып табылады.
Барлық азаматтар құқықтарды тең дәрежеде пайдалануы, бірдей жауапкершілік арқалауы, мүмкіндіктері бірдей болуы тиіс. Бұл қағидат табысты мемлекет факторына айналмақ.
Қазақстанның барлық азаматтары үшін, ешбір кедергісіз және алалаусыз, әлеуметтік лифтілерді қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың дұрыстығын ерекше атап өткім келеді.
Біз жалпыұлттық құндылықтар – құқық үстемдігі, мемлекеттік дәстүрлер, қазақстандық құндылықтар – этностық сипаттағы модельдерден әрқашан жоғары тұратынына сенімдіміз.
Белгіленген барлық бес институттық реформаны жүзеге асыру біздің еліміз үшін жаңа перспективалар, қазақстандық қоғамның прогресс пен бейбітшілік жолымен ілгері басуында жаңа көкжиектер ашады.
Габдулхай ИШМУРАТОВ,
«Идел» татар және
татар-башқұрт этномәдени бірлестіктері қауымдастығының президенті.