Театр ғимараты салынғаннан бері күрделі жөндеуден өтпеген. Инженерлік желілері мен материалдық-техникалық базасы тозғандықтан, өрт қаупі жоғары. Ғимарат реконструкциясы театрдың тарихи келбетін сақтай отырып жүргізіледі. Өйткені ғимарат жергілікті маңызы бар мәдени ескерткіш мәртебесіне ие.
Сонымен қатар демеушілер қаражатымен Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры ғимаратында да ішкі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазірдің өзінде жеті бөлме, оның ішінде оркестр мен хор залдары, музей, грим бөлмелері, қабылдау залы және басқа да залдары жаңартылды.
Бұған қоса Н.Сац атындағы мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрында да көп өзгеріс болады. Ғимараттың күрделі жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр.
Республикалық академиялық неміс драма театры да назардан тыс қалмайды. Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұрынғы кинотеатр ғимаратында орналасқан театрды жөндеу және газдандыру мәселесі бүгінде Ұлттық экономика министрлігінің қарауында тұр.
Сондай-ақ министрлік 2025 жылы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ғимаратына сараптама жүргізуді жоспарлап отыр. Сараптама барысында оның күрделі жөндеу жұмыстары бойынша алдағы жұмыс көлемі анықталады.
Айта кетейік, 2020 жылы Қ.Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталған еді.