Өнер • 16 Қараша, 2024

«Бауырына салу» фильмі «Оскар» сыйлығына ұсынылды

467 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Асхат Кучинчерековтің «Бауырына салу» фильмі Қазақстанның атынан 2025 жылғы «Оскар» сыйлығының «Шетелдік үздік фильм» номинациясына ресми түрде таңдалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бауырына салу» фильмі «Оскар» сыйлығына ұсынылды

Бұл қуанышты жаңалықты фильм ұжымы Instagram парақшасында жазған.

«Ауыл өмірі көптеген қиындық пен ауыр еңбектен тұрады. Жас ерекшелігіне қарамастан, ер балалар кішкентайынан шаруашылыққа ересектермен бірге араласады. Фильмнің бас кейіпкері Ерсұлтан әжесімен бірге тұрып, осындай өмірдің ауыртпашылығын сезінді. Бірақ оның әлемі әжесінің қайтыс болуымен мүлдем өзгереді», деп жазылған фильм сипаттамасында.

Марапаттау рәсімі 2025 жылдың 2 наурызында Лос-Анджелесте өтеді. Бұған дейін, ақпанның 11-18 аралығында өтетін үшінші іріктеу кезеңінде әр номинацияның финалистері анықталады.

Егер «Бауырына салу» үздіктер қатарына енсе, Қазақстан тарихында «Оскар» сыйлығына ұсынылған екінші фильм болады. Бұған дейін 2008 жылы Сергей Бодровтың «Моңғол» фильмі осы номинацияда бақ сынаған еді.

Сонымен қатар тағы бір отандық туынды – «Шектеусіз үміт» фильмі Калифорния кинофестивалінде «Үздік қысқаметражды деректі фильм» номинациясында жеңімпаз атанған еді.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15