Өңірдің полиция департаментінің өкілдері бұл дерекке қатысты ресми пікір білдірді.
- 16 қарашада қызметтік көлікпен аймақты патрульдеу кезінде бір офицер қаруды қолына алған кезде абайсызда екіншісін арқасынан атып алған, - делінген хабарламада.
Аса ауыр зардаптарға әкеп соққан абайсыздық ісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
- Жәбірленуші Қордайдағы аудандық ауруханаға жеткізілді, - дейді ведомство өкілдері.
Полиция қызметкерлері бұл іс бойынша қызметтік тексеріс жүргізіп, істің мән-жайын анықтап жатыр.