Ең бастысы, мемлекет басшысының нұсқауы бойынша облыс әкімдіктері жанынан басым бағыттарды айқындауға және озық технологияларды енгізуге арналған Ғылым және технологиялар жөніндегі кеңестер құрылды. Филиалдың міндеті – бұл жұмысты барынша тиімді ұйымдастыру. Сонымен қатар, құрылымның міндеттеріне форсайттық немесе болжамды, ғылым мен технологиялар бойынша зерттеулер, осы салалардағы халықаралық ынтымақтастық, жоғары оқу орындары мен өндірістік кәсіпорындардың серіктестігіне көмек беру.
Филиал Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында орналасқан. С.Аманжолов атындағы университеттің алаңында ашылған форсайт – орталығы болды. Жиында жаңа орталықта маңызды бағыттар белгіленді. Мәселен, тау-кен және металлургия өнеркәсібінде болжам жасау, жаңа технологияларды іздеу, оның ішінде энергия тиімділігін арттыру. Сондай-ақ, қоршаған ортаға техногендік әсерді азайтып, аграрлық салада инновацияларды іздеуді көздеп отыр. Шығыс Қазақстан облысы Қытаймен және Ресеймен шекаралас екенін ескере отырып, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту және тиісінше өңірдің экспорттық әлеуетін, туризмді кеңейту бойынша зерттеулер де жоспарланған.