Қоғам • 19 Қараша, 2024

Керек дерек

57 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді «eGov Mobile» қосымшасы арқылы әскери қызмет туралы деректерді емін-еркін алуға болады. Бұл жүйе «Цифрлық мәліметтер» қызметінің жаңартылуы арқасында жүзеге асты.

Керек дерек

Әскери қызметке шақыру туралы ақпаратты ел аза­мат­­тары смартфонынан тіке­лей қарап, бөлісе алады. Аталған жүйе деректерге қолжетімділікті одан әрі ыңғайлы әрі жеңіл етеді.

Қосымшаның жаңартыл­ған нұсқасында екі цифр­лық мәлімет қолжетімді. Ал­ғашқысы, әскери қызметке шақыру туралы, сондай-ақ шақыру мерзімі туралы толық деректер. Екіншісі, азаматтың әскери міндетті мәртебесі туралы өзекті ақпарат. Тұрғын­дар өз мәліметтерін ЖСН немесе мобильді азаматтар базасына тіркелген телефон нөмірі арқылы жібере алады.

Аталған қызметті пайда­лану үшін «eGov Mobile» қосымшасы арқылы «Мәліметтер» бөліміне өту қажет. Содан соң «Тарих» бөлімінде ақпараттармен танысып, деректерді беруге рұқ­сат беру немесе сұрау салуды қабылдамау батырмасын басу керек.

Бұл жүйені Қорғаныс ми­нистрлігі Цифрлық даму, ин­но­­вациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп әзірледі.