Мектеп • 19 Қараша, 2024

Француз тілінде оқытады

60 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда 2026 жылы француз тілінде оқытатын мектеп ашылады. Екі ел басшысы келісімі аясында жүзеге асатын жобаға «EPG» адами капиталды дамыту қоры 12,6 миллион доллар инвес­тиция салмақшы.

Француз тілінде оқытады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев­­тың Францияға, Эмма­нуэль Макрон­ның Қазақстанға жасаған мем­лекеттік сапары аясында стра­тегиялық мәселе­лер­мен қатар, мәдени байланыстар­ды дамытудың ма­ңызы атап өтілгені белгілі. Осы келі­сім­дерге орай Аста­на мен Алматы қалаларында фран­­цуз мектептерін ашу туралы үкі­­­мет­­аралық келісім жасал­ған бола­тын.

Үкіметаралық келісімді іске асы­ру мақсатында «EPG» қоры мен шетелдегі француз білім беру жүйе­сін дамыту «AEFE» агент­тігі Алма­тыда мек­­теп салу жобасын іске асы­ру жөніндегі келісімге қол қойды.

Алматыда ашылатын мек­теп­тің халықаралық үлгідегі аттес­тат, техникалық пәндер бо­йынша жо­ға­ры сапалы білім беру, француз, ағыл­шын, қа­зақ, орыс тіл­де­рінде оқы­ту, балаларды үш жастан бас­тап қабылдау, шетелдік, оның ішінде француз жоғары оқу орын­дарына түсу мүмкіндігін қа­рас­­ты­ратын бірқатар артық­шы­лығы бар.

«EPG Education» қоры қада­ғалау кеңесінің төр­аға­сы Балта­бек Мұқашевтың айтуынша, жоба біздің ел бала­ларына халық­аралық білім әлеміне жол ашады. Алматыдағы мектептің құры­лысы AEFE – Францияның шетел­дегі француз білімін дамыту мен қолдауға жауапты мемлекеттік ұйы­мының бақылауымен және қатысуымен жүзеге асады. Бұл агенттік Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігінің қарамағында, әлемнің 139 еліндегі 580 мектепті қамтитын француз оқу орынд­ары желісін басқарады. Онда 392 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр. AEFE Франция Білім министрлігінің талапта­рына сай жоғары білім стандарттарын қамтамасыз етумен қа­тар мұғалімдердің біліктілігін арт­ты­руға ерекше мән беретін болады.

Қазіргі таңда «EPG» адами капиталды дамыту қоры Алматы қаласында «Prometheus School» және «Fiztech» бағытындағы мек­тептерді басқарып отыр.

 

АЛМАТЫ