К.Қ.Мәсімовті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы
Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2015 жылғы 29 сәуір. №4
**
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты
қаулы етемін:
- Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2015 жылғы 29 сәуір. №1
***
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары туралы
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабының 1-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты
қаулы етемін:
- Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары тиісті басшылар тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2015 жылғы 29 сәуір. №2
***
Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 5-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдері өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты
қаулы етемін:
- Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2015 жылғы 29 сәуір. №3