Қоғам • 19 Қараша, 2024

«Су тасқынына дайындық»: 1500-ден астам гидротехникалық құрылыс тексерілді

77 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Су және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Су тасқынына дайындық»: 1500-ден астам гидротехникалық құрылыс тексерілді

Фото: freepik.com

Тексеру нәтижесінде гидротехникалық құрылыстардың иелеріне анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар берілді. Айта кетсек, елде 8 бассейндік инспекция бар, атап айтқанда, Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл, Ертіс, Есіл, Жайық-Каспий, Нұра-Сарысу, Тобыл-Торғай, Шу-Талас бассейндік инспекциялары.

«Барлық су қоймалары бекітілген кесте бойынша жұмыс істейді, жоспар су тасқынына қатысты болжамдарға байланысты түзетілетін болады. Көктемгі су тасқыны кезінде еріген қар суын қабылдауға бос орынды қамтамасыз ету үшін елдің солтүстік, батыс, шығыс, орталық су қоймаларынан су жіберілді. Қазақстанның оңтүстігіндегі су қоймалары су жинау режимінде жұмысын жалғастырып жатыр», деп мәлімдеді Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының міндетін атқарушы Гүлмира Имашева.