30 Сәуір, 2015

Нұрлы жол салған саңлағым

456 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
30-04-2015-zhyr-shashu01(Елбасына арнау) Тарихтың елеулі белестерінде ел бастаған тұлғаларға жырдан шашу шашу, өлеңмен бата беру, тілек арнау ежелден келе жатқан дәстүріміз. 1991 жылғы алғашқы президенттік сайлауда жасы тоқсаннан асқан халық ақыны Шәкір Әбенов ақсақал батасының аяғын өлеңмен өрген. 1999 жылғы сайлауда Елбасына деген ағыл-тегіл ақтарылған көңілін Бекболат Тілеухан жырмен төгілдірген. Қазақы қалпымызға жарасатын сол жоралғы кеше де жасалыпты. Бұл жолы жырдан шашуды айтыс өнерінің жарық жұлдызы Аманжол Әлтаев шашыпты. «Жасалыпты», «шашыпты» дейтінімізмұны біз «Хабар» арнасының кешкі жаңалықтарындағы сюжеттен көзіміз шалып қалды. Көре салысымен Аманжолды іздедік. «Сен Елбасына арнауыңды суырып салып айттың бадейміз. «Жоқ, бұл өте жауапты сәт қой. Алдын ала шығарып айттым», дейді Аманжол. «Онда бізге электронкамен жібере қойшы тез»,  дейміз. Тез-ақ жетіп келді арнау мәтіні. Біздіңше, бұл арнауды Тәуелсіздік сарайы алдында тұрған қауым ғана тыңдап қоймауы керек, мұндай жүрекжарды жырдың бар қазақтың жүрегіне жеткені жөн. Ақын сөзіхалық сөзі қашанда. Алатаудай ордалым, Каспийдей шалқар арналым. Сарыарқадай байтағым, Көшімді бастар тарланым. Өзіңізді халқым қолдады, Дәлелдеп биік талғамын. Дәл осылай әлемде, Кім қолдай алар заңғарын. Түн ұйқыңызды төрт бөліп, Елін ойлаған ардағын. Орындадыңыз халқымның, Сан ғасыр күткен арманын. Нұр жолыңызға, Нұраға, Мейірімі жаусын Алланың.   Батыстың тілін таптыңыз, Шығыстың тілін таптыңыз. Тәуелсіз Қазақстанның Шырағын жарық жақтыңыз. Еңсесін елдің көтеріп, Тұлғасын тіктеп тұрғызған. Тай төбеліндей қазаққа, Әлемнің мойнын бұрғызған. Көтеріп көк ту байрақты, Мемлекет құрған қайратты. Шекарамызды бекітіп, Барыстай басқан айбатты. Еңсесі биік Елбасым! Құтты болсын тағыңыз, Бақытты кемел шағыңыз. Халқыма сәуле шашып тұр, Баянды болған бағыңыз.   Өзіңіз салған Астана, Жайқалып өскен жас қала. Тамсанып әлем қарайтын, Байсалды Орда – бас қала. Бақыттың еркін кіретін, Есігі болған Астана. Ынтымақ пенен бірліктің, Бесігі болған Астана. Тәуелсіз мынау елімді, Кең-байтақ мынау жерімді. Көрмегендерге көрсетіп, Білмегендерге білгізген. Елшілік ашып әлемнен, Төріне байрақ ілгізген. ООН-ға мүше болғызып, Шырайымызды кіргізген. ОБСЕ-нің тағына, Қазақстанды мінгізген. Еуразияның құрып одағын, Керуенін алға жүргізген. ЭКСПО да ертең өтеді, Өзіңіз салған нұрлы ізбен. Осының бәрі, Нұраға, Кемеңгерлікті білгізген.   Жақынын жатқа қимаған, Халқына бақыт сыйлаған. Моңғолия, Қытай, Иранға, Шашырап кеткен қазақтың, Бастарын қосып жинаған. Жүз отыз ұлттың өкілін, Алалап бірін бөлмеген. Ассамблея жасақтап, Еңбегіменен ерлеген. Бірліктің мұндай үлгісін, Әлемнен ешбір көрмегем. Еңсесі биік Елбасы, Нұрсұлтан сынды ерім бар. Осындай ерді туғызған, Қазақтай қайсар елім бар.   Ақ сақалды атаға, Қайрат бердіңіз, Нұраға. Жалындаған жастарға, Айбат бердіңіз, Нұраға. Ақ жаулықты анаға, Қуат болдыңыз, Нұраға. Ақ пейілді балаға, Шуақ болдыңыз, Нұраға. Ырысы артты елімнің, Береке бізде, Нұраға. Ынтымақ, бірлік орнады, Мереке бізде, Нұраға! Елім деп соққан жүрегі, Жұртымның Сізсіз тірегі. Құтты болсын ұлықтау, Халқымның осы тілегі. Аманжол ӘЛТАЙ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.