АСТАНА. 30 сәуір. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана мен Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
«Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері туралы» Жарлық
Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 5-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдері өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.