17 Маусым, 2015

Ел көрсеткіші өсе түсетін болады

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
17-06-2015-Doing-01Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Дүниежүзілік банктің (ДБ) «Doing Business» рейтингіндегі Қазақстанның позициясы мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кеңес жұмысына сондай-ақ, ДБ Жаһандық индикаторлар тобының директоры Лопес Кларос Аугусто, Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша өңірлік директор Кумар Джа Сарож, банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Людмила Бутенко қатысты. Қазақстандық мемлекеттік ор­ган­дардың өкілдері ДБ қызмет­кер­леріне республикада Doing Bu­si­ness рейтингіндегі позицияны жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады. Сәуірде Дүниежүзілік банктің бас офисінде мемлекеттік органдар өкілдерінен тұратын озық топ Қазақстанда «Мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Рес­пуб­ликасында кәсіпкерлік қызметті жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы», «Мемлекеттің кәсіп­керлікке қызметке қатысуын шектеу туралы» заңдарға өзге­рістер енгізілуі шеңберінде жүр­гізілген реформалардың тұсау­кесерін өткізді. Кездесу қоры­тындысы бойынша ДБ сарапшылары реформаларға оң баға берді. Тараптар 2015 жылы Doing Business рейтингіндегі рес­пуб­ликаның позициясын жоғарылату мақсатында бірлескен жұмыстарды жалғастыруға келісті.