Көрме • 23 Қараша, 2024

Наурызым нақыштары

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Наурызым қорығының сан бояуға малынған әсем табиғаты бейнеленген көркемсурет көрмесі ашылды.

Наурызым нақыштары

Көрме «Пленэр» деп аталады. Кескіндеме өнерінде бұл сөз «суретшінің табиғат аясында, ашық аспан астында жұмыс істеуі» дегенді білдіреді екен.

Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, тамыз айында өткен «Плэнер – 2024» жобасы аясында бір топ кәсіби суретші Наурызым қоры­ғына арнайы барып, бірер күн тұмса та­биғат аясында жұмыс істеген. Атал­ған көрмеде осы сапарда салынған табиғат суреттері көпшілік назарына ұсынылды. Экспозиция залына қойыл­ған көркемсурет туындыларында Қос­танай өңірінің інжу-маржаны саналатын Наурызым қорығының орман-даласы, өзен-су, қарағай-қайыңы, қорықта тір­шілік ететін жан-жануарлар мен құстар әлемі көрініс тапқан.

ап

Жылда қыркүйек айы жақындағанда өтетін дәстүрлі іс-шараға қатысқан қылқалам шеберлерінің бірі – Сурет­шілер одағы облыстық филиа­лы­­ның төрағасы, кескіндемеші Вадим Быков.

ке

«Биылғы пленэр ерекше есте қалды. Табиғат аясында өндіртіп жұмыс істедік. Бір қызығы, біз қорыққа кіре салысымен жол бойы түнеріп тұрған аспан шайдай ашылып, күн райы бірден жадырап сала берді. Біз кеткенше күн жылы, ауа райы сурет салуға қолайлы болды. Наурызым қо­­рығының ғажайып табиғатын мей­лін­ше жан-жақты қамтып, бояу тілін­де сөй­летуге тырыстық», дейді кескін­демеші.

 

Қостанай облысы