Мектеп • 26 Қараша, 2024

Қайтарылған қаражатқа мектеп салынады

57 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Заңсыз ием­де­ніл­ген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң шеңберінде Арнау­лы мемлекеттік қор қаражаты есебінен еліміздің өңірлерінде әлеу­мет­тік маңызы бар жобаларды іске асыру жал­ға­сып жатыр.

Қайтарылған қаражатқа мектеп салынады

Сурет: gov.kz

Үкімет Атырау облысы Қызыл­­қоға ауданы Жамансор ауы­лында 150 орындық мектептің құры­лысына 2 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Қазіргі таңда ауылда 60 орынға бейімделген ғима­ратта орналасқан бастауыш мек­теп қана жұмыс істейді. Ата-ана­лары 4-сыныпты бітіргеннен кейін оқушыларды 60 шақырым қа­шық­тағы Мақат ауданы Доссор кентінде ор­наласқан С.Шәріпов атындағы мек­теп-интернатқа апа­руға мәжбүр. Жо­ғары сынып оқушылары көр­ші­лес елді мекендерге қатынап оқиды.

Жобаны іске асыру қоры­тын­дысы бойынша талаптарға және санитарлық нормаларға сәйкес бала­ларды сапалы оқыту үшін жағдай жасалады.

Бұған дейін Үкімет Ақмола облысының Зеренді ауылында спорт кешенін, Түркістан облы­сының Темірлан ауылында музыка мектебін, Арқалық қаласында дарынды спорт­шы бала­ларға арналған спорт ке­шенін, Астанада тірек-қимыл аппараты бұ­зы­л­ған балаларға арналған оңал­ту орталығын, Алматыда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға ар­налған жаттығу орталығын, Ақтөбе қаласында ерекше балаларға арнал­ған арнайы балабақша салу, Риддер қа­ла­сындағы көпсалалы аурухана ке­ше­нінің құрылысын аяқтау секілді жо­ба­ларды іске асыру үшін қаражат бөлу ту­ралы шешім қабылдаған еді.