Оқиға • Бүгін, 10:58

Биыл 2 млн гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

31 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда биыл екі миллион гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл 2 млн гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

Фото: АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті

Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Жер ресурстарын басқару комитетінің мәліметінше, 2,8 млн гектар аумақта 1 748-ден астам жоспардан тыс тексеру жүргізген.

«Тексеру қорытындысы бойынша 2,2 млн гектар аумақта жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 1 342 ұйғарым берілді. Бұрын берілген нұсқамалар негізінде 311,3 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлерін игеру басталды. 200,4 мың гектар алқапта пайдаланылмайтын жерлерді алып қою бойынша сот талқылаулары жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.

Айта кетейік, мемлекеттік бақылау шеңберінде 368,5 мың гектар алқапта ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру туралы 875 заңсыз шешім анықталған. Оның ішінде 84 шешім жойылғаны атап өтілді.