Экономика • Бүгін, 02:05

Екіжақты тауар айналымы рекордты көрсеткішке жетті – Ресей Президенті

42 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин республикалық «Казахстанская правда» газетіне мақала жариялап, екі ел арасындағы тауар айналымының көрсеткіштеріне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Екіжақты тауар айналымы рекордты көрсеткішке жетті – Ресей Президенті

«Мәселен, өткен жылы бұл салада жаңа рекорд орнап, 28 миллиард доллар деңгейінен асып түсті, ал биылғы қаңтар-қыркүйек айларында 20 миллиард доллардан асты. Өзара тауар айналымының құрылымы үнемі әртараптандырылып келеді, оның ішінде жоғары қосымша құны бар шикізаттық емес материалдар да бар. Оның үстіне, өзара есеп айырысулардағы ұлттық валюталардың үлесі үнемі артып келеді. Бұл екі ел арасындағы коммерциялық операцияларды сыртқы, соның ішінде саяси жағдайлардың жағымсыз әсерінен қорғауға мүмкіндік береді», деп жазды Ресей Президенті.

Оның дерегінше, Қазақстан экономикасына Ресей инвестициясы да жылдан-жылға артып отырғаны аңғарылады.

«Бүгінде мұның көлемі шамамен 13 миллиард долларды құрады. Республикада Ресейдің қатысуымен 23 мыңнан астам кәсіпорын бар. Біздің елдеріміздің компаниялары өнеркәсіптік кооперация мен жоғары технологиялар саласында бірқатар ірі бірлескен жобаларды жүзеге асырып жатыр. Толық өнеркәсіптік цикл аясында жаңа өндіріс орындарын құрып отырмыз, бұл екі елдің экономикасын жан-жақты жаңғыртуға және Ресей мен Қазақсанның технологиялық егемендігін нығайтуға ықпал етеді», деп атап өтті Владимир Путин.