Фото: Xinhua
Мәліметтерге сүйенсек, Шаньдун провинциясының Цзинань қаласының халық соты Лю Ляньгэні шамамен 16,8 миллион доллар көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп тапқан.
Сот 2010-2023 жылдар аралығында Лю Ляньгэ әртүрлі лауазымдарда, соның ішінде Қытай экспорттық-импорттық банкі мен Қытай Банкінде басшылық лауазымдарда қызмет етіп, үшінші тұлғалардың мүддесі үшін қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланғанын, оларға несиелік қаржыландыру, жобалық ынтымақтастық және кадрлық тағайындаулар сияқты мәселелерде көмек көрсеткенін анықтаған.
Сонымен қатар, жауапкердің заң нормаларын бұза отырып, қажетті талаптарға сай келмейтін компанияларға жалпы сомасы 3,32 миллиард юаньнан астам несие беруге көмектескені, нәтижесінде негізгі қарыз 190,7 миллион юаньнан асатыны белгілі болған.