Үкімет • Бүгін, 15:00

Маңғыстау облысында бу-газ қондырғысы салынады

29 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «China Huadian Corporation Ltd.» мемлекеттік корпорациясының басшылығымен кездесті. Компания электр және жылу энергиясын өндіруге және жеткізуге маманданған, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында бу-газ қондырғысы салынады

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Кездесуде Маңғыстау облысында қуаты 160 МВт бу-газ қондырғысын салу жобасы талқыланды. Жоба өңір үшін электр энергиясының негізгі көзіне айналады, оның болжамды құны $190 млн-ды құрайды.

Корпорацияның вице-президенті Ли Сюйхуан ірі өзендердің әлеуетін пайдалана отырып, каскадты су электр стансаларының құрылысын қосақанда, жаңа жобалардың пысықталғанын хабарлады.

Сонымен қатар компания жабдықтың сенімділігін, тиімділігін және экологиялық тазалығын арттыруға бағытталған дәстүрлі генерациялау көздерін жаңғырту жөніндегі бастамаларды ұсынды.

Бұл жоба мен компанияның перспективалық бастамалары Қазақстан мен Қытайдың тұрақты энергиямен жабдықтау саласындағы стратегиялық ынтымақтастығын нығайтады.