Қоғам • Кеше

Көкірегі – көктем-жыр

83 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада көрнекті ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Байбота Қошым-Ноғайдың 70 жасқа толуына орай «Көкірегі – көктем-жыр» атты әдеби-сазды кеш өтті. А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде кешті жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жолтай Әлмашұлы жүргізіп, үнемі ізденісімен ерекшеленетін ақын шығармашылығы туралы толымды ой айтты.

Көкірегі – көктем-жыр

Жастар театры өнер­­­­паздары ақын­­ның балалық ша­ғы мен жалынды жастығын қамтитын қойылымын сахналап бастаған кездесуде қала әкімінің орынбасары Дар­хан Тұрсынбаев шаһар басшысының құттықтау хатын табыстап, иығына шапан жауы­п құрмет көрсетті.

Жазушылар ода­ғының Қызылорда облы­сындағы жетекшісі, белгілі ақын Қар­шыға Есімсейітова, Халық­аралық «Алаш» әдеби сый­лығының лауреаты, ақын Қа­тира Жәленова, балалар ақыны, педагогика ғылым­дары­ның докторы Рахат Нау­рызбаевалар кеш иесін құт­тықтады. Туған жер құша­ғында кеші өтіп жатқан ақынға арнал­ған қаламдастар тілегі ел азаматтары Айтбай Көшербаев, Өлмесхан Болатбековтердің лебізімен жалғасты. Қаладағы С.Сейфуллин атындағы №4 IT лицей оқушылары ақынның лирикалық өлеңдері мен ба­лаларға арналған туындыларын оқыды.

ва

Кеш иесі өз сөзінде ел азаматтарына, кешті тамашалауға келген оқырманға шынайы алғысын жеткізді. Осы кеште ақынның «Үлпет» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтіп, оқырманға жол тартты.

 

ҚЫЗЫЛОРДА