Digital • Бүгін, 08:25

Керек дерек

19 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде «eGov Mobile»-дан жеке куәліктің цифрлық нұсқасын «Samsung Wallet» электрондық әмиянына орналастыру мүм­кіндігі пайда болды. Жобаны Цифрлық даму, инновациялар және аэро­ғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Ұлттық ақпараттық тех­но­логиялар» АҚ және «Samsung Electronics Central Eurasia» ком­па­ниясымен бірлесіп, қанатқақты режімде іске қосты.

Керек дерек

«Samsung Wallet»-тегі цифр­лық жеке куәлік – бұл жеке деректерді сақтаудың ыңғайлы және қауіпсіз әдісі. Азаматтар физикалық тасымалдаушыны жоғалтудан немесе ұрлатудан қорықпай, өз құжатын бірден цифрлық түрде ұсына алады. Барлық дерек жеке ақпаратты сенімді қорғауды қамтамасыз ететін көпдеңгейлі қауіпсіздік жүйесімен қор­ғалған. Бұл функция «Egov Mobile» қолданбасы орнатылған «Samsung» смарт­фондарының пайдаланушылары үшін қол­жетімді. Құжаттарды қосу үшін пайдаланушыға:

– Egov Mobile қолданбасында авторизация жасап, «Цифрлық құжаттар» сервисіне өту керек,

–Жеке куәлік» цифрлық құжатын ашу және «Samsung Wallet» әмиянына қосу батырмасын басу керек,

 – дербес деректерді өңдеу туралы келісіммен танысу, оларды өңдеуге өз келісімін беру және оған ЭЦҚ арқылы «Қол қою» қажет.

Цифрлық куәліктің ақпа­раттар бөлімінде көрсетілген жарам­дылық мерзімі аза­маттың жеке куәлігінде көр­се­тілген мерз­імге сәйкес келеді. Егер уақыт өте келе куә­ліктегі ақпарат өзгерсе, онда пайдалану­шы ағымдағы цифрлық куәлікті өшіріп тастап, жеке куәлікті қайта шығарған кезде оны жаңарту үшін қайта қоса алады.

Соңғы жаңалықтар

Адалдық – ардың ісі

Пікір • Бүгін, 09:55

Демократияның даму көрінісі

Аймақтар • Бүгін, 09:50

Өсімі жоғары өңір

Аймақтар • Бүгін, 09:40

Алматыда жер сілкінді

Алматы • Бүгін, 09:40