Көрме • Бүгін, 07:50

Қылқалам құдіреті

46 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық музей-қо­рықта белгілі қыл­қа­лам шебері Құдаш Нұр­садықовтың «Құді­рет» атты жеке сурет көрмесі ашылды. Музейді жағалап, өнерді бағалап келген елде есеп жоқ.

Қылқалам құдіреті

Кескіндеме жанры­ның әккі ше­бері Құдаш Дәулет­хан­ұлы Үлкен Нарын ауданы, Үш­төбе ауылында туған. Бала жастан өнерге құмар ол Семей мем­лекеттік педагогикалық уни­верситетінің көркемсурет-графика факультетін тә­мам­дап, ұстаздық жолға түс­кен. Шәкірт тәрбиелей жү­ріп, өзінің шеберлігін де шыңдаған. Алыс-жақын шетелдерде өтетін симпозиумдардан да қалмауға тырысады. Сонау жылдардан қолынан қылқа­ламын тастамай, осы уақытқа дейін түрлі жанрда жүздеген картина жазыпты. Іріктелген жұмыстарын топтастырып, бұған дейін де бір­неше рет жеке көрмесін ұйым­дастырған. Ал мына көрмесі тіптен ерекше. Шы­ғармалары әртүрлі жанрда. Алтайдың тұмса табиғаты да, тұрмысы да қамтылған. Портреттер де баршылық. «Құ­дірет» десе, құдірет. Қыл­қалам ұшымен мынау дүниедегі бар сұлулықты сезін­діреді. Сұлулыққа құмар ұстаздың шәкірт інілері де көр­медегі тың туындыларға ынта қоя қарап, пікірлесіп жатты.

ва

– Шығыста суретшілердің басын қосып, бағыт-бағдар беріп жүретін Құдаш Дәулет­қанұлын ұстаз санаймыз. Өзі үнемі ізденіс үстінде жүреді. Құдаш ағаның салған картиналарын да жазбай танимыз. Бояу жағу стилі ерекше. Еңбекқорлығына басымызды иеміз, – дейді ізін басып келе жатқан шәкірті Мәди Қайырханұлы.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, Құдаш Нұрсадықов сурет студиясын ашып, кішкентай шә­кірттерді де өнерге баулып жүр. Олардың ішінде жеке көрмесін өткізіп, респуб­ли­калық байқаулардан жүлде ал­ғандары да жоқ емес. 

 

Өскемен