Таным • 29 Қараша, 2024

Ғалам ғажаптары: Күйзелісті анықтайтын жасанды интеллект

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғалымдар күйзелісті бес минутта анықтайтын жасанды интеллект алгоритмін ұсынды.

Ғалам ғажаптары: Күйзелісті анықтайтын жасанды интеллект

Бұл технология диагнозды ерте анық­тап, емдеуді уақытында бастауға мүмкіндік береді. Алгоритм пациенттердің дауысы мен ми белсенділігі туралы мәліметтерді пайдаланып, тест жүргізеді. Тест нәтижесі 97 пайыз дәл ақпарат береді. Ғалымдар осы әдіс арқылы диагноз қойып қана қоймай, нәтижені дәрігерлер ем-шара жасайтын кезде назарға алуын қамтамасыз етпекші. Сонымен қатар 40 минуттық сеанспен күйзелісті емдейтін құрылғы да әзірленген.

 

«Microsoft Teams»-тың жаңа мүмкіндігі

ап

«Microsoft Teams» қатысушыларға онлайн кездесуде таңдаған тілде сөйлеуге және тыңдауға мүмкіндік беретін жаңа функциясын таныс­тырды.

Жасанды интеллект негізінде жасалған жүйе сөзді аударып, дауысты имитациялайды. Алғашқы нұсқасы 2025 жылы іске қосылады деп жоспарланған. Бастапқыда 9 тілде қолжетімді болады. Ал кейіннен 31 тілге дейін артады. «Copilot» жүйесі экрандағы контентті талдап, мәліметтерді қысқаша мазмұндайды, ал «Super Resolution» функциясы бейненің сапасын жақсартады.

 

Ең қуатты күн электр стансасы

ва

«CHN Energy» 3 ГВт қуатты, 1,6 миллиард долларлық «Mengxi Lanhai» күн электр стансасын іске қосты.

70 шаршы шақырым аумақты алып жат­қан станса 5,9 миллион панельден тұрады. Жыл сайы­н 5,7 ТВт·ч энергия өндіріп, 2 миллион үйді электрмен қам­тамасыз етеді. Жоба Қытайдың батысынан шығысқа энергия тасымалдау бағдарламасының аясында жүзеге асырылған. Ең қызығы стансада роботтар мен дрондар жұмыс істейді. Олар панельдерді тазалап, тексеру жүргізеді.