АСТАНА. 30 сәуір. Қазақстан Президенті ел алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты, Мемлекет басшысы бес институционалдық реформаны жүзеге асыру мақсатында Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойылғанын мәлімдеді. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Комиссияны Премьер-Министр Кәрім Мәсімов басқарады, орынбасары Президент Әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулин болады.
Кәсіби мемлекеттік аппарат құру жөніндегі жұмыс тобын Президенттің көмекшісі Ербол Орынбаев, заң үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобын Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Талғат Донақов, экономика мәселелері жөніндегі жұмыс тобын Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев, біртектілік және бірлік жөніндегі жұмыс тобын Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев, есеп беретін мемлекет қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобын Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева басқарады. Оның орынбасары қызметін Асқар Бейсенбаев атқарады.
Сондай-ақ, комиссия құрамына шетелдік консультант ретінде «Назарбаев университеті» АБҰ президенті Шигео Катцу кірді.
Мемлекет басшысы Үкімет құрамы сақталатынын айтты. «Олардың бәрі осы құрамда ынтымақпен жұмыс істеді, қойылған міндеттерді орындай алды. Мен ешқайсысын да алмастыру қажеттігін көріп тұрған жоқпын, сондықтан жұмыстарын жалғастыратын болады», – деді Қазақстан Президенті.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: akorda.kz.
• 30 Сәуір, 2015
Қазақстанда Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия құрылды

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026