Білім • Бүгін, 08:38

Педагог-ассистенттер даярлайды

13 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Келесі оқу жылынан бастап еліміздегі колледждер педагог-ассистенттер даярлайды. Бұл ақпаратты Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Педагог-ассистенттер даярлайды

Сурет: semeytany.kz

Аталған министрлік ерекше білім беру қа­жет­тіліктері бар бала­­ларға тең мүм­кіндікті қам­та­масыз ету, мектептерде инклю­зивті білім беру ортасын құру бағытында бірқатар жұ­мыс­­ты қолға алған. Осы қа­дам­­ның бірі – педагог-ассистент маман­дарын даярлау.

Қазіргі таңда психологиялық-меди­ци­на­лық-педагогикалық кеңес беру есе­бінде (ПМПК) ерекше білім беруді қажет ететін 203 мың бала бар. Олар 496 арнайы білім беру ұйымында оқиды. Білім беру ұйымдарында инклюзивті орта қалыптастыру мақсатында айтарлықтай жұмыс жүргізілді. Мәселен, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін балабақшалардың 69%-да, мектептердің 88%-да және колледждердің 80%-да жағдай жасалған. Мектептерде 1 071 арнайы жасақ­талған кабинет жұмыс істейді.

«Еліміздің мектептерінде «педагог-ассистент» лауазымы енгізіліп, мамандар саны бір жылда 1 000-нан 2,5 мыңға дейін артты. Енді педагог-ассистент лауазымын мектепке дейінгі ұйымдарда енгізу мүмкіндігі қарастырылып отыр. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен 9 мыңнан астам арнайы педагог жұмыс істейді. Мамандарға деген қажеттілікті ескере отырып, келесі оқу жылынан бас­тап, еліміздің кол­ледждерінде «педагог-ассис­тенттер» даярлау қолға алынады», дейді Инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бұтабаева.

Оқу-ағарту министрлігі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім алу жағдайын жақсарту және білікті кадрлармен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды әлі де жалғастыра бермек.