Үкімет • Кеше

Ведомстволық награданы терең зерделеу керек

72 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Кариннің төр­ағалы­ғымен Мем­лекет­тік рәміздер мен ведомс­тво­лық және оларға теңес­тірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.

Ведомстволық награданы терең зерделеу керек

Комиссия отырысында Мәдениет және ақпарат ми­нистрінің, сондай-ақ Шымкент қаласы әкімінің есебі тыңдалды.

Қатысушылар ведомстволық марапаттар жүйесін, мемлекет­тік рәміздерді қолдану және пайдалану тәртібін реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру мәселелерін қарастырды.

Жиын барысында республи­калық комиссия бірқатар мем­лекеттік органның жаңадан үш ведомстволық награда енгізу жөніндегі ұсынысын қолдамады.

Осы орайда Мемлекет­тік кеңесші: «Ведомстволық наградалар саласын ретке келтіру керек. Біріншіден, ведомстволық награда түрлерін көбейтудің қажеттілігі жоқ. Қайта оны терең зерделеп, марапаттарды оңтайландыру керек. Екіншіден, әрбір мемлекет­тік орган үшін ведомство­лық награ­да­лардың квота­сын белгілеу қажет. Үшіншіден, орталық мемлекеттік органдар басшыларының ведомстволық наградалар саласына қатысты жеке жауапкершілігін арттырған жөн», деп атап өтті.

Ерлан Қарин мемлекеттік, ведомст­волық және қоғамдық марапат­тар саласында мемлекет­тік бақылауды қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатқаны­на назар аударды. Тиісті заңдарға түзету енгізу туралы ұсыныстар қазіргі уақытта Парламенттің қарауына жолданған.

Жиынды қорытындылай келе, Мемлекеттік кеңесші мемлекеттік рәміздер, марапаттар және геральдика саласындағы жұмыстардың тиімділігін арттыруға қатысты нақты тапсырмалар берді.