Салтанатты кеш «Агент 007» фильмінен алынған «Explosive» композициясының орындалуымен ашылады. Сахна төрінде «AlJazz» оркестрі және «VIVAT» шоу-балеті өнер көрсетеді. Фестивальдің символикалық мүсіндері іс-шараға ерекше көрініс беріп, кинематографиялық кескінді айқындай түседі.
Кеш Халықаралық байқау және Орталық Азия мен түркі әлемі елдері байқауының жеңімпаздарын марапаттаумен жалғасады. Ең үздік фильмдер, талантты актерлар мен режиссерлер лайықты марапаттарын алады.
Күні мен уақыты: 2024 жылғы 30 қараша, басталуы 17:00
Өтетін орны: Қабылдау үйі, Құрманғазы көшесі, 44