
Бүгін Алматы ауданында Астана Қарағанды трассасында орналасқан ЖЖМ бекеттерінің бірінде мысық дүкеннің терезе қаптамасының арт жағында қысылып қойды. Мияулаған дауысты естіген дүкенші немқұрайлы қарамай, ТЖМ қызметкерлерінің көмегіне жүгінді.
- Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, шанц құралдарының көмегімен жануарды аман-есен босатып, оны оқиға куәгеріне тапсырды, - деп жазылған ТЖМ ақпаратында.