Экология • 01 Желтоқсан, 2024

Қолайсыз метеожағдай: Өскеменде жағдай оңалмай тұр

96 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тұрғындары бірнеше күн бойы далаға шығудан қалған Өскемен қаласында бүгін де қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталып тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қолайсыз метеожағдай: Өскеменде жағдай оңалмай тұр

ratel.kz

Өскеменде 20 қарашадан бері қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасқан. ШҚО экология департаменті ҚМЖ қараша айының соңына дейін созылатындығын мәлім еткен. Алайда 1 желтоқсан, яғни бүгін де әлі қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталып тұр. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, қала бойынша екінші дәрежелі ҚМЖ қалыптасқан.

Айта кетейік, Өскеменде ауа сапасын бақылау үшін арнайы комиссия құрылған болатын. Оның құрамына экология департаментінің мамандары, қоғам белсенділері, метеорологтар, сарапшылар мен облыстық мәслихат депутаттары кірді. Комиссия мүшелері таяуда Защита шағын ауданы мен Мирный кентінде болып, ауа сапасын тексергені хабарланған.

Ал Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев мәселенің себеп-салдары мен оны шешу үшін шаралар атқарылып жатқанын айтқан.

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025