АСТАНА. 30 сәуір. Шымкент қаласына жақын маңдағы Қараспан ауылында орналасқан жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасалып, екі адамды атып кетті. Бұл туралы times.kz хабарлады.
Қарақшылық шабуыл кезінде қылмыскерлер куәгер қалдырмас үшін жанармай құю ғимаратындағы кассир, күзетші және май құюшыны атып кеткен. Салдарынан 26 жастағы кассир мен 40 жастағы күзетші оқиға орнында қаза тапты. Ал үшінші қызметкер тірі қалған. Ол қазіргі таңда аурухананың жан сақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр.
Айта кетейік, жанармай құю бекеті «ГазПромНефть» компаниясына тиесілі. Бұған дейін де аталған нысан бір мәрте тоналған. Ол кезде қылмыскерлер жұмысшыларды ұрып-соғып, 470 мың теңгені қолды еткен екен. Сол оқиғадан сабақ алмаған басшылық ғимарат маңына бейне камера мен дабыл қағатын қондырғы орнатпаған.
Оқиғаға қайта оралсақ, қаза тапқан екі қызметкердің артында әйелдері мен балалары қалды. Сондықтан марқұмның туған-туыстары сот арқылы аталған компаниядан жетім қалған балаларға кәмелетке толғанға дейін жәрдем беруді талап етпек.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: times.kz.
• 30 Сәуір, 2015
Шымкентте қарақшылар жанармай құю бекетінде екі адамды атып кетті

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026